Белгілі грузин фото-кинодокументалисінің көрмесі өтеді

2017 ж. 5 мамыр күні ҚР Ә. Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейінің Орталық көрме залында грузиннің атақты фото-кинодокументалисі Юрий Мечитовтің «Грузия. Қосарлы беттер» атты авторлық фотографиясының көркемсуретті көрмесін ұсынады. Көрме мамыр айының 12-не дейін созылады.
Белгілі грузин фото-кинодокументалисінің көрмесі өтеді

Юрий Мечитов – тұтас бір дәуір мен оның бір бөлшегіне айналған адамдарды суретке түсірген атақты грузин кино-фотодокументалисі. Бірегей фолиант болған «Параджанов. Сұхбат хроникалары» кітап-фотоальбомының, көптеген фотосуреттер мен оларға жазылған шағын сипаттама-әңгімелердің  авторы. Сонымен бірге 30 жыл бойы түсіріліп, фотографиялары жиналған «Юрий Мечитовтің 101 портреті» атты танымал альбомның да авторы. Бұл басылымның беттері талай адамдардың – өте белгілі және мүлдем белгісіз, шетелдің және жергілікті адамдардың басын қосты. Мұнда Роберт Стуруа, Марчелло Мастрояни, Андрей Тарковский, Роберт Де Ниро, Майя Плисецкая, Терезаның анасы, Александр Абдулов, Сергей Параджанов және басқа да көптеген аса белгілі адамдардың тамаша портреттері бар.

Грузияда және одан тысқары жерлерде өткен 80 көрмеге қатысты, оның ішінде өзінің жеке көрмелері де бар, топтық көрмелер де бар. Фотография өнерінен дәріс оқиды. Юрий Мечитовтің фотомектебі Тбилисидің визиттік карточкасы десе де болады. 

Юрий Мечитовтің 2017 ж. мамыр айында Алматы қаласындағы Орталық көрме залында болатын авторлық оқиғалардың кезегіндегі фотожобасы осынау аңызға айналған қала – Грузияның астанасына арналған. «Грузия. Қосарлы беттер» көрмесі әрбір беті қосарланған фотографиялардан тұратын символикалық фотоальбом форматында ұсынылады. Ықшам әрі айқын ақ-қара фотографияның тілі – әрі зейінді бақылаушы және мықты психолог бола білетін шебердің басты құралы да.

Шебердің айтуы бойынша, оның ұстаздары – «бірі қазір Нью-Йоркте тұрып еңбек етіп жатқан суретші Марк Поляков, екіншісі қазір Ереванда пантеонда дамыл туып жатқан режиссер Сергей Параджанов, үшіншісі Тбилисиде еврей зиратында жерленген Владимир Пичхазде. Осы әрқайсысы әр түрлі үш адам мені өз бетімше өнер құра алуға үйретті».

Оның ең белгілі фотографияларының бірі – «ұшып бара жатқан Параджановтың» аз-маз тылсым әрі болар-болмас ессіз кадры. Кейінірек осы фотография бойынша мүсінші Важей Микабериздзе Шеберге ескерткіш жасап, ол Ескі Тбилисиге орнатылды. Юрий Мечитов Параджановтың «Сурам бекінісі туралы аңыз» фильмінің фотографы болды. Одан кейін олар сценарийін Сергей Параджанов жазып, бірақ аяқталмай қалған «Тәубеге келу» фильмінде бірге жұмыс істеді.

Юрий Мечитов әрі шебер әңгімеші және сұхбатшы, әзілқой, аудиторияны ұстай білетін және өмірдің өзі сияқты қиын да қызыққа толы таусылмас қоры бар тартымды тұлға.

2016 жылы Алматыда «Параджанов феномені және Тбилиси» жобасы болып, онда бірқатар шаралар – көрме, шеберлік сабақтары, шығармашылық кездесулер өткізілген болатын.  ҚР Ә. Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейінде осындай бір кездесу  аншлагпен өтіп, залға адам сыймай кеткен. Бәрі осы әрі фотограф, әрі суретші жанның жанды баурап алатын қасиетіне бас ұрды.

2017 жылғы жобаны Алматы мен Тбилиси арасындағы символикалық мәдени көпір деп білеміз, ал ең бастысы өнерді жанымен сүйетін жандарға жасалған нағыз сыйдың өзі болмақ.

Сізге қызық болуы мүмкін: