“13 километр” деректі фильмі Бразилиядан жүлделі оралды

“13 километр” деректі фильмі Бразилияда қазанның 23-і мен 29-ы аралығында өткен Халықаралық “Еңсеру” (“Overcome”) кинофестивалінде арнайы жүлдеге ие болды.
“13 километр” деректі фильмі Бразилиядан жүлделі оралды

“13 километр” деректі фильмі Бразилияда қазанның 23-і мен 29-ы аралығында өткен Халықаралық “Еңсеру” (“Overcome”) кинофестивалінде арнайы жүлдеге ие болды. Фильмді ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы “Қазақфильм” АҚ түсірген. Фильмнің режиссері – Владимир Тюлькин.

Жақында ғана Ресейде өткен деректі фильмдер фестивалінде арнайы жүлдеге ие болған “13 километр” деректі фильмі Серік Боданбаев есімді зағип туралы баяндайды. Фильмнің кейіпкері өзінің шыдамдылығы мен табандылығының арқасында үлкен шаруа қожалығының иесі болып отыр.

- Бұл фильмде басына түскен қиындықтарды еңсеріп, діттеген мақсатына жете білген ер азаматтың тағдыры суреттеледі. Бұл фильм түрлі фестивальдерге қатысып, жүлделі орындардан көрініп жатқанына өте қуаныштымын, – деді фильмнің режиссері.

 

 

Фестивальдің бас жүлдесі – Шетелдің үздік фильмі жүлдесін режиссер Роман Хрущтың Печорин фильмі иемденді. “Ең үздік актер” аталымы “Мусс” (режиссері Джон Хеллберг) картинасында сомдаған Стефан Бертолаға берілді, ал «Үздік деректі фильм» жүлдесімен Клавдия Бершадская түсірген ресейлік “Ұшу” фильмі марапатталды. “Ең үздік қысқа метражды фильм” жүлдесі “Тыныш бала” фильміне бұйырды.

13 километр

  • Режиссері және сценарий авторы: Владимир Тюлькин
  • Қоюшы операторы: Юрий Пак
  • Комозиторы: Ғалымжан Секеев
  • Режиссер туралы ақпарат:

Тюлькин Владимир Викторович – кинорежиссер, ақын. Тәуелсіз “Платиналы Тарлан” сыйлығының лауреаты, КСРО кинематографистер одағының мүшесі. 1955 жылы 12 ақпанда Семейде туған. 1982 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік университетінің физико-математикалық факультетін тәмамдаған. 1987 жылы Ленинград мемлекеттік театр, музыка және кинематография институтын бітірген; 1993 жылы КСРО Мемкино жоғарғы курсын Г.Чухрайдың шеберлігі бойынша бітірген.

В.Тюлькиннің шығармашылығында ондаған деректі фильмдер бар. Фильмдері түрлі халықаралық конофорумдарда жүлделерге ие болған.

Фильмографиясы. 

Деректі фильмдері: 

  • Буду защищаться сам (КФ, 1987);
  • Босиком по снегу (КФ, 1988);
  • Маленькая Нина (КФ, 1989);
  • Учитель и ученик (Искусство №2, КФ, 1989);
  • Клетка (КФ, 1990);
  • Повелитель мух (КФ, 1990);
  • РЭМ (Собачий крематорий, КФ, 1993);
  • Опыт креста (Experimentumcrucis, с Т. Поповпен бірге, ГАЛА-ТВ, 1995);
  • Ангел-хранитель (Студия М-Арт, 1998);
  • Патетическая симфония (2000);
  • Про любовь (2002); 
  • Непокоренная вершина (2003);
  • Тату в поднебесной (2004,  дер. сериал);
  • Обреченные выжить (2005);

сонымен қатар,

  • Случайный гость (Полуночный гость, КФ, 1992) қысқаметрлі көркем фильмі және т.б.

Дереккөз: www.kazakhfilmstudios.kz

Сізге қызық болуы мүмкін: