«Бүгінгі қазақ қуыршақ театрының тынысы» атты дөңгелек үстел өтеді

Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «Театр өнерінің тарихы мен теориясы» кафедрасы мен Oner.kz порталы 21-наурыз Халықаралық қуыршақ театры күніне арнап «Бүгінгі қазақ қуыршақ театрының тынысы» атты дөңгелек үстел өткізеді.
«Бүгінгі қазақ қуыршақ театрының тынысы» атты дөңгелек үстел өтеді

Дөңгелек үстел 20 наурыз күні сағат 14.00-де Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының Кино залында өтеді.

Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткізіліп отырған іс-шара қазіргі таңдағы еліміздің қуыршақ театрлары ұжымдарының шығармашылық тыныс-тіршілігіне, репертуарлық саясаты мен өзекті мәселелеріне арналмақ. Өскелең ұрпақты тәрбиелеуде маңызды рөл атқаратын қуыршақ театрының бүгінгі хал-ахуалы туралы жиынға Қазақстан театр сыншылары ассоциациясының мүшелері, Алматыдағы Мемлекеттік қуыршақ театрының артистері мен режиссерлері, басшылығы, бұқаралық-ақпараттық құралдардың өкілдері қатысады деп күтілуде.

Келем деушілерге есік ашық!

Ұйымдастыру алқасы

Тел.: 8 708 523 97 74 (Меруерт Жақсылықова)

8 777 247 07 06 (Анар Еркебай)

Сізге қызық болуы мүмкін: