Жаңалықтар

Мемлекеттік қуыршақ театры III халықаралық Анкара фестиваліне қатысады
83-ші маусымын жақында ашқан театр ұжымы кезекті III ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АНКАРА фестиваліне шақырту алды. Үшінші рет өткелі отырған фестивальдің ұйымдастырушылары KUKSADER және THEATRE TEMPO ұйымдары. Аталмыш өнер мерекесі үстіміздегі жылдың қазан айының 19-27 аралығында өтеді.
17.10.2017

"Сенім жолында" деректі фильмінің тұсаукесері
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Қорында деректі кино режиссері Әсия Байғожинаның "Сенім жолында" деректі фильмінің тұсаукесері өтеді.
17.10.2017

Ашық аспан астында ашылған маусым
Ғ.Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театры 72-маусымының шымылдығын түрді
12.10.2017

Әкем-театры Әзірбайжан Мәмбетов рухына тағзым етті
Әуезов театрының абырой-беделін көтеріп, әкем-театры дейтін деңгейге жеткізген біртуар, бірегей тұлға, Қазақстанның халық қаһарманы Әзірбайжан Мәмбетов арамызда болғанда 85 жасқа толар еді.
12.10.2017

Әуезов театры 92-маусымының шымылдығын түрді
М.Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық драма театры 92-ші театр маусымының ашылуына орай БАҚ өкілдеріне пресс-конференция, актерлердің салтанатты шеруі және Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасының және ұлы жазушы М.Әуезовтің 120 жылдығы аясында «Театр әлеміндегі рухани жаңғыру» атты Алматы қаласындағы 8 театрдың басын қосқан көрме өткізді.
12.10.2017

Алматыда Қазақ деректі киносы күндері өтіп жатыр
Алматы қаласында деректі кино апталығы өз бастауын алды
11.10.2017

Алматыда «Театр әлеміндегі рухани жаңғыру» атты көрме өтеді
11 қазан күні М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры 92-маусымының ашылуына орай сағат 16:30 да пресс-конференция, сағ.17.00 де актерлердің салтанатты шеруі және Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасының және ұлы жазушы М.Әуезовтің 120 жылдығы аясында «Театр әлеміндегі рухани жаңғыру» атты Алматы қаласындағы 8 театрдың басын қосқан көрме (ашылуы 17.30 да) өтеді.
10.10.2017

Мәди Балжановтың "Пикапты іздеумен" қысқаметрлі фильмінің тұсаукесері өтеді
"Көзімнің қарасы" мәдени-танымдық клубының ұйымдастыруымен, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасы Қорының қолдауымен режиссер Мәди Балжановтың "Пикапты іздеумен" қысқаметрлі фильмінің тұсаукесері өтеді.
09.10.2017

"Балуан Шолақ" тарихи көркем фильмінің түсірілімдері аяқталды
Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясында ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша өндіріске жіберілген "Балуан Шолақ" көркем фильмінің түсірілімдері аяқталды.
09.10.2017

"13 километр" деректі фильмі Ресейден жүлделі оралды
Владимир Тюлькиннің "13 километр" деректі фильмі Ресейден жүлделі оралды.
07.10.2017