Жаңалықтар

Алматыда Рамазан Стамғазиев пен Ұлту Қабаеваның "Күзгі әуен" атты ән-кеші өтеді
21-қазан, сағат 18:00 де Республика сарайында ҚР еңбек сіңірген қайраткері, дүлдүл әнші Рамазан Стамғазиев пен белгілі эстрада жұлдызы Ұлту Қабаеваның "Күзгі әуен" атты ән-кеші өтеді. Кеш жұбай әншілердің үлкен сахнада жүргеніне 30 жыл толуына арналып отыр.
06.10.2017

Алматыда Қырғыз суретшісі Талғат Миррахимовтың "Азия сарындары" атты көрмесі ашылады
2017 ж. 6 қазанда сағат 16.00-де Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейінде Қырғыз Республикасынің еңбек сіңірген өнер қайраткері Талғат Миррахимовтың «Азия сарындары» көрмесінің ашылуы болады. Орта Азия шығармашыл зиялы қауымы арасында белгілі, талантты суретші Миррахимов – Қырғызстан бейнелеу өнерінің дамуына зор үлес қосып келе жатқан Қырғыз Республикасының ең қызықты да беделді суретшілерінің бірі.
06.10.2017

"Шыңырау" фильмінің түсірілімдері аяқталды
Жаңабек Жетіруов "Шыңырау" фильмінің түсірілімін аяқтады.
05.10.2017

Сыншы Ә.Сығайдың 70 жылдығына арналған Халықаралық конференция өтеді
Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында 2017 жылдың 20 қазанында «Қазақстандағы заманауи театр өнерінің даму жолдары» тақырыбындағы Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтеді.
05.10.2017

Алматыда "Гитарадан төгілген сырлы саз" атты музыкалық вернисаж өтеді
2017 ж. 5 қазанда Ә.Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейі «Гитарадан төгілген сырлы сазы» музыкалық вернисажына шақырады.
04.10.2017

Орталық музейде Тоққожа Қожағұловтың «Үнсіз музыка» атты жеке көрмесі ашылады
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі 2017 жылдың 5 қазаны күні сағат 16.00-де суретші, педагог, профессор Тоққожа Қожағұловтың «Үнсіз музыка» атты жеке көрмесін ашады. Көрме Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогика университетінің 90 жылдығына арналады.
04.10.2017

Ә.Қастеев музейінің Орталық көрме залында "Шабыт сызықтары" атты көрмесінің ашылуы болады
4 қазан сағат 18.00-де Ә.Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінің Орталық көрме залында Алексей Уткин мен апалы-сіңлілі ГаБо-ның (Ғалия және Балқия Құсайынова) "Шабыт сызықтары" атты көрмесінің ашылуы болады.
03.10.2017

Мемлекеттік қуыршақ театры 83-маусымын ашады
5 қазан сағат 17.00-де Евгений Ионовтың «Ана жүрегі» спектаклінің премьерасы көрермен назарына ұсынылады. Қоюшы режиссері – Антон Зайцев. Қоюшы суретшісі – Сергей Мельцев. Сахналық биін қойған – Гүлжан Дәулетқұлова.
03.10.2017

Қазақ драматургының мерейтойы Лондонда тойланбақ
Жазушы, драматург, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының профессоры Дулат Исабековтің 75 жасқа толған мерейтойы Лондон төрінде.
29.09.2017