Астанада XIV Халықаралық «Еуразия» кинофестивалінің салтанатты ашылу рәсімі өтеді

2018 жылы 1 шілде күні сағат 18:00-де «Қазақстан» Орталық концерттік залында XIV Халықаралық «Еуразия» кинофестивалінің салтанатты ашылу рәсімі өтеді.
Астанада XIV Халықаралық «Еуразия» кинофестивалінің салтанатты ашылу рәсімі өтеді

Салтанатты ашылу рәсімі голливудтық, ресейлік және отандық кино және тв жұлдыздары қызыл кілемнен жүріп өтуімен басталып, танымал кинорежиссер Эмир Кустурицаның «The No Smoking Orchestra» тобының Астанадағы алғашқы концертімен жалғасады.  Сондай-ақ, ашылу салтанатында аты аңызға айналған актер, Қазақстанның Еңбек Ері Асанәлі Әшімов басты ролде ойнаған, Хуат Ахметовтың «Аруақ» фильмінің халықаралық тұсаукесері өтеді.

Іс-шараға ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, «Еуразия» ХКФ президенті Айман Мұсақожаева, танымал француз актері Венсан Кассель, югаслав және сербиялық кинорежиссер, кино актері Эмир Кустурица, 71 Канн кинофестивалінде Сергей Дворцевойдың «Айка» фильміндегі ролі үшін үздік актриса атанған Самал Еслямова, ресейлік театр және кино актрисасы Равшана Куркова мен Андрей Соколов, сонымен қатар, Еуропаның, Азияның, Африканың, Американың кино жұлдыздары, «А» санатындағы кинофестивальдердің жетекшілері, киноиндустрия саласының мамандары мен сыншылары, танымал мәдениет өкілдері қатысады.

«WyndhamGardenAstana» (Тұрар Рысқұлов көшесі, 6/1) қонақ үйінде шілденің  1 мен 4 аралығында Еуразиялық кинонарық және Еуразиялық жобалар нарығы жұмыс істейтін болады.

XIV «Еуразия» ХКФ аясында көрсетілетін барлық фильмдер 1 шілдеден бастап, сағат  10:00-ден «Chaplin Cinemas» (СОО «MEGA SilkWay» және СОО «Хан Шатыр») кинотеатрлар желісінде тегін көрсетіледі. 

WyndhamGardenAstana» (Тұрар Рысқұлов көшесі, 6/1) қонақ үйінде шілденің  1 күні сағат 10:00-ден бастап, 15:00-ге дейін голливудтық, ресейлік киногерлер және қазылар алқасы мүшелерінің қатысуымен баспасөз отырысы өтеді («Еуразия» ХКФ кестесі қосымшада).

1 шілде күні сағат 15:30-да «Chaplin Cinemas» (СОО «MEGA SilkWay» кинотеатрында «Менің патшам» картинасының көрсетілімі және фильм режиссері Майвенн Ле Беско мен басты ролді сомдаған актер Венсан Кассельдің қатысуымен шығармашылық кездесу өтеді.

«Еуразия» ХКФ айтулы оқиғаларының бірі – «Монстрлар демалыста 3» анимациялық фильмінің тұсаукесер алдындағы көрсетілімі. Фильм «SonyPicturesAnimation» және Қазақстан Республикасы тұңғыш президенті – Елбасы қорының қолдауымен 5 шілде күні сағат 19:00-де «Chaplin Cinemas» (СОО «MEGA SilkWay» кинотеатрында көрсетіледі.  

***

«Рухани жаңғыру» бағдарамасын орындау аясында, елордамыз Астананың 20 жылдығын атап өтуге орай, Астанада 2018 жылы шілденің 1 мен 7 аралығында XIV Халықаралық «Еуразия» кинофестивалі өтеді. Кинофестивальдің биылғы ресми бағдарламасы 8 секциядан тұрады:

САЙЫС БАҒДАРЛАМАСЫ:

  • INTERNATIONAL COMPETITION/ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САЙЫС – 2017-2018 жж. өндірілген 12 толықметрлі картина;
  • EURASIA SHORTS/ҚЫСҚАМЕТРЛІ ФИЛЬМДЕР САЙЫСЫ – 35 қысқаметрлі фильм (Mega Silk Way СОО көрсетіледі);

САЙЫСТАН ТЫС БАҒДАРЛАМА:

  • «CARAVAN»/«КЕРУЕН» - Орталық Азия елдері мен түркітілдес халықтары фильмдерінің панорамасы. Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекістан, Саха Республикасы, Түркия, Әзірбайжан, Татарстаннан 10 толықметрлі фильм;
  • «FROM THE HEART OF EURASIA»/«ЕУРАЗИЯ ЖҮРЕГІНЕН» – жаңа қазақстандық фильмдер –Қазақстанның заманауи 9 фильмі (авторлық және жанрлық кино) (Mega Silk Way СОО көрсетіледі);
  • «NETPAC CHOICE»/НЕТПАК ТАҢДАУЫ - НЕТПАК приздеріне ие болған әлемдік жүлдегер фильмдер – 3 толықметрлі картина;
  • «AROUND THE WORLD»/«ӘЛЕМ ШЕҢБЕРІНДЕ» - әлем киносы панорамасы – 11 Берлин, Канн, Венеция, Санденс, Бусан, Мәскеу халықаралық «А» санатындағы кинофестивальдерде (2017-2018 жж) жүлдегер атанған фильмдер;
  • SPECIAL EVENT/АЙТУЛЫ ОҚИҒА – отандық және әлем киносы мэтрлерінің әр замандағы, түрлі жанрдағы фильмдерінің ретроспективасы – 7 фильм;
  • «OBJECTIVE»/«ОБЪЕКТИВ» - деректі фильмдер панорамасы – Орталық Азия ғана емес, әлемнен жинақталған 12 деректі фильм.

Кинофестиваль барысында әлем кинематографистерімен кездесулер өтіп,  кино жұлдыздары студенттер және өз жолын жаңа бастап жатқан киногерлермен кездесіп, өз тәжірибелерімен бөлісетін болады.

Барлық қажетті ақпаратты www.eurasifastival.kz сайтынан ала аласыздар

 

___________________________________

Байланыс телефондары:

Айдана Бауыржанқызы: +7 775 5954633

Абдулова Жазира: +7 702 639 81 80

E-mail - press@eurasiafestival.kz

Сізге қызық болуы мүмкін: