EurasiaProjectMarket-тің халықаралық қазылар алқасының құрамында әлемдік кинематографияның өкілдері болды:
- Джим Миллер (АҚШ). Вице-президент американской киноакадемии NewYorkFilmAcademy америкалық киноакадемиясының вице-президенті. NYFA-ның АҚШ-тағы және бүкіл әлемдегі стратегиялық бастамаларының жауапершілігі соның мойнында. NYFA-ның жаһандық келісімдері мен бағдарламаларының жүзеге асуын басқарады.
- Ерлан Нұрмұхамбетов (Қазақстан). Сценарист, кинорежиссер. Пусан халықаралық кинофестивалінің (Оңтүстік Корея) «Жаңа ағымдар» аталымы бойынша Гран-при; Фаджр (Иран) кинофестивалінде «Ең үздік азиялық фильм» сатысы бойынша Гран-При («Жаңғақ тал», 2016) иегері. Қазақстандағы VII «Еуразия» халықаралық кинфестивалінің («Дауылдан алдын», 2011) Гран-при иегері, өзге де халықаралық айтулы кинофестивальдердің марапаттарын иемденген.
- Нина Ромодановская (Ресей). Кинотанушы, ProfiCinema кинопорталының бас редакторы. ВГИК-те кино маркетингі бойынша оқытушы. Кино Қорында кино көрсетілімді ұйымдастырушылардан келіп түскен өтініштерді саралау бойынша комиссияның сарапшысы. Питчингтің «Телесериалдар» сатысы бойынша сарапшысы.
- Филип Че (Сингапур). Кино сыншы. Азия кинематографиясын дамыту Қоғамының сарапшылар кеңесінің мүшесі (NETPAC). Шанхай, Ханое кинофестивальдерінің, Джокьякартадағы Азия кинофестивалінің бағдарлама кеңесшісі.
- Майкл Кэнэнэк (АҚШ). Тәуелсіз кино нарықтағы халықаралық сатылым мен тарату бойынша тәжірибелі маман. Палм-Спринг және Сиэтлдегі кинофестивальдерде қазылар алқасының құрамында болған. AmericanFilmInstitute-те дәрістер оқыған. 2017 жылы AFI FEST индустриясының директоры қызметіне тағайындалды.
- Евгений Гиндилис (Ресей). Продюсер, Еуропа Киноакадемиясының мүшесі, Ресей Оскар комитетінің мүшесі.
Қазылар алқасы қатысушылардың арасынан үздік деп тапқандар: екі бірінші жүлде –NewYorkFilmAcademy америкалық киноакадемиясына 2 айлық тағылымдама - «Ыстық күн, салқын сыра» атты жоба (Әмір Әменов, Қазақстан) мен «Жалғыз қарағай» жобасы (Дальмира Тілепберген, Қырғызстан). Екінші сыйлық – «Еуразия» халықаралық ХКФ-нің делегациясымен бірге «А» санатындағы фестивальге жолдамасын «Шекара» фильмі иемденді «Шекара» (Асхат Кучинчиреков, Қазақстан). Бұдан бөлек, қазылар алқасы «Альчики» (Артур Веэбер, Қырғызстан/Ресей) жобасын ерекше атап өтті.
EurasiaFilmMarket халықаралық кинонарығы XIV халықаралық «Еуразия» кинофестивалінің аясында Астана қаласында 1 шілде мен 4 шілде аралығында өтетінін естеріңізге саламыз.
Кино нарыққа іскерлік кездесулер өткізу үшін, жаңа жобаларды таныстыру үшін, сондай-ақ тәжірибе алмасу үшін “Syndicado” (Канада), “FilmRepublic” (Ұлыбритания), “AlphaViolet” (Франция), “Filmotor” (Чехия), “JubenPictures” (Қытай), “IRIBMEDIATRADE” (Иран), “Festagent” (Ресей) сынды шетелдік дистрибьютерлік компаниялардың өкілдерімен қоса қазақстандық“Казахфильм”, “Sataifilm”, “NurtasProduction”, “BissembinFilm” және “MGProduction” секілді жетекші компаниялар қатысты. Кино нарық қатысушыларының толық тізімін мына жерден біле аласыз: https://eurasiafestival.kz/ru/proekty/uchastniki/.
Іскерлік алаң WyndhamGardenAstana қонақ үйінде орналасқан (Тұрар Рысқұлов көш, 6/1). EurasiaFilmMarket қонақтарына мынадай іскерлік шаралардың ауқымды бағдарламасы ұсынылады: презентациялар, дөңгелек үстелдер, панельдік пікірталастар, мастер-класстар. Кино нарық бағдарламасын мына жерден көрсе аласыз: https://eurasiafestival.kz/ru/proekty/kalendar-meropriyatij.html