XIV Халықаралық «Еуразия» кинофестивалің іс-шаралары жалғасуда

2018 жылдың 2 шілдесі күні Астана қаласында ағымдағы жаздың ең жарқын мәдени іс-шарасы – XIV Халықаралық «Еуразия» кинофестивалі өз жұмысын жалғастыруда.
XIV Халықаралық «Еуразия» кинофестивалің іс-шаралары жалғасуда

XIV Халықаралық «Еуразия» кинофестивалінің шеңберінде қызықты кездесулер өтті. Сағат 12:00-де танымал режиссер, актер және музыкант Эмир Кустурица ҚазҰӨУ-нің студенттерімен кездесті. Режиссер картиналарының жасалуындағы, түсірім процессіндегі және кинемотографист шығармашылығындағы алғашқы әрі дәстүрлі сәттерінің кейбір сырларымен бөлісті. Эмирдің байқауынша, бүгінгі күні сценарий жазуға тақырыптар көп көрінгенімен,  XXI ғасырда олар өзгерді. Жаңа шақырулар, өзгеше қызығушылықтар пайда болды, ал көрерменнің талаптары өсті. Сонымен қатар, жаңа технологиялармен жақсы фильм түсіру үшін жақсы талғам, батылдық және ұялы телефон камерасы жеткілікті.

Кездесудің соңына дейін аудитория әңгімеге белсенді қызығушылық танытты. Кеш тек қана болашақ киногерлерге ғана емес, бүкіл аудиторияға қызықты әрі пайдалы болды.

Кинофестивальдің ең маңызды іс-шарасының бірі «Еузария» ХКФ (Айман Мусахаджаева) мен «Пролог» ХКФ-нің (Ойбек Абдущукуров, Өзбекстан) арасындағы ынтамақтастық туралы меморандумға қол қою рәсімі болды. Ойбек Абдущукуров қазақ делегациясын осы жылдың қазақ айында өтетің өзбек кинофестиваліне шақырды.

Сонымен қоса, 15:00-де  «Wyndham Garden Astana» қонақ үйінде сербиялық режиссер, актер және музыкант Эмир Кустурицаныі қатысуымен пресс-конференция өтті. Бұл Эмирдің Астанаға алғаш келуі екенін ескереміз. Пресс-конференцияда ол қалаға аса тамсанғандығын айтты:

«Мен аэропорттан келер жолда Астанамен танысып үлгердім. Осы екі күнде көп жерлерді көрдім. Маған сіздердің ғымараттарыз, сіздердің стиль, инфраструктура ұнады. Менің ойымша, сіздерде тамаша адамдардар тұратын ерекше қала. Сіздердің президенттеріңіз бар болғаны 20 жылда үлкен және әсем мегаполис салып үлгерді»

Эмир соңғы көрген фильмдерінен қазақстандың картина режиссер Әділхан Ержановтың «Үкілі кәмшат» фильмі жайында айтты:

«Фильм маған өте ұнады. Бұл картинадағы ең басты өзгешелік – әңгімелеу формасы. Маған осы стиль өте жағымды»

Және де таңғы сағат 9:00-ден «MegaSilkWay» және «Хан Шатыр» СОО-дағы  «ChaplinCinemas» кинотеатрлар желісінде фестиваль фильмдерінің тегін көрсетілімдері жалғасып жатқандығын ескертеміз.

Толық ақпаратты біздің жеке сайтымыздан біле аласыздар

www.eurasifastival.kz

Сізге қызық болуы мүмкін: