XIV Халықаралық «Еуразия» кинофестивалі өз жұмысын бастады

2018 жылдың 1 шілдесі күні Астана қаласында XIV Халықаралық «Еуразия» кинофестивалі өз жұмысын бастады.
XIV Халықаралық «Еуразия» кинофестивалі өз жұмысын бастады

Таңғы сағат 9:00-ден «MegaSilkWay» және «Хан Шатыр» СОО-дағы  «ChaplinCinemas» кинотеатрлар желісінде фестиваль фильмдерінің тегін көрсетілімін бастады.

Сағат 10:00-ден бастап «WyndhamGardenAstana» қонақ үйінде Халықаралық қазылар алқасы мен қысқа метражды фильмдердің қазылар алқасының,  ресейлік актер Андрей Соколовтың қатысуымен пресс-конференция өтті. Сондай-ақ көптен күткен әйгілі француз актері Венсан Касселмен пресс-конференция өтті.

Венсан Кассель

Пресс-конференцияға «Еуразия» ХКФ-нің Прездиенті Айман Мұсақожаева, ҚР мәдениет және спорт вице-министрі Ақтоты Райымқұлова, «Айка» кинофильміндегі рөлі үшін 71 Канн кинфестивалінде Ең үздік әйел рөлі номинациясын иемденген актриса Самал Есләмова және т.б.-лар қатысты.

Самал Еслямова

Сағат 15:00-де «MegaSilkWay» СОО-ның «Chaplin» кинотеатрында режиссер Майвени ЛеБесконың «Менің патшам» фильмінің көрсетілімі мен әйгілі француз актері Венсан Касселмен көрермендердің кездесуі өтті.

Кешкісін XIV Халықаралық кинофестивалінің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Қызыл кілемнен «Еуразия» ХКФ-нің Президенті Айман Мұсақожаева, отандық кино мэтрлер Асанәлі Әшімов, Нұржұман Ықтымбаев, Сатыбалды Нарымбетов, Смағұл Елубай, Ермек Тұрсынов және  фестиваль қонақтары – француз актері Венсан Кассель,сербиялық  кинорежиссёр, актер және музыкант – Эмир Кустурица, ресейлік театр және кино жұлдыздары, сондай-ақ «А» санатындағы халықарадық кинофестивальдердің жетекшілері, киноиндустриядағы атақты сарапшылар мен сыншылар,  әйгілі мәдениет қайраткерлері жүріп өтті.

Кино мерекесінің айтулы оқиғасы Эмир Кустурица мен оның «TheNoSmokingOrchestra» атты тобының концерті болды.

Кеш соңында қазақстандық режиссер Қуат Ахметовтің «Әруақ» фильмінің әлемдік премьерасы болды.

Семих Капланоглу

Самал Еслямова

Айман Мұсақожаева

Берік Айтжанов

Габриэлла Кристиани

Ертең ХКФ-дің баспасөз орталығында («WyndhamGardenAstana») сағат 11:00-де кинорежиссер, сценарист, продюсер Анна Меликянмен және ресейлік театр және кино актрисасы Равшана Курковамен, сондай-ақ сағат 15:00-де сербиялық кинорежиссер және кино актер Эмир Кустурицамен  пресс-конференция өтетінін естеріңізге саламыз.

Толық ақпаратты біздің жеке сайтымыздан біле аласыздар

www.eurasifastival.kz

___________________________________

Байланыс телефондары:

Айдана Бауыржанқызы: +7 775 5954633

Абдулова Жазира: +7 702 639 81 80

E-mail - press@eurasiafestival.kz

Сізге қызық болуы мүмкін: