4 шілде күні Астана қаласындағы «Chaplin Khan Shatyr» кинотеатрында «Еуразия жүрегінде» бағдарламасы бойынша толық метражды «Мұзбалақ» анимациялық фильмінің тұсау кесер көрсетілімі болды. Фильм ҚР мәдениет және спорт Министрлігінің тапсырысымен Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясында түсірілген. Режиссерлері – Тілек Төлеуғазы мен Тұрдыбек Майдан.
Көрермендердің қызығушылығын тудырған бұл фильм негізінде бүркіттің адамға жақындығы мен құс пен адамның бір-біріне деген сенімінен туған достық баяны жатыр. Фильмде қазақтың ежелгі бүркітшілік мәдениеті ашылады.
«Еуразия» фестивалінің әртүрлі бағдарламасы бойынша Қазақ ұлттық өнер университетінде Бертолуччи фильмдерінің әйгілі монтажері, режиссер және сценарист Габриэлла Кристианимен кездесу өтті. Зал лық толы болып, Кристиани тарапынан өте жайлы әрі достық жағдай орнады. Ол өз саласына қарым-қатынасын айта келіп, бірнеше қарапайым, бірақ өте маңызды кеңестерді айтты:
«Монтаждауды оқу мүмкіндігі жоқ болғандықтан, мен сіздерге фильмдерді көп көріп, олардың монтаж стиліне назар аударып, оны өздеріңіз меңгеріңіздер деп кеңес беремін. Бір көріністі монтаждау кезінде ішкі жан дүниеңіз бен жүрегіңізге құлақ түріңіз. Материалды көру барысында режиссерді түсініп, өз сезіміңізге де мән беріп, ақырындап көріністі айналдырып, барлығын қайта сезіне білу керек».
Бұдан кейін атақты кинооператор Хиро Нарита студенттермен және өз шығармашылығының табынушыларымен кездесті. Кездесу барысында Нарита операторлық шеберліктің көзге көріне бермейтін қырларымен, өзінің шығармашылық жолы туралы баяндап берді:
Мен сіздердей өнер университетінің студенті болып жүргенде өзімнің болашақта немен айналысатынымды түсінбейтінмін. Менің графикалық дизайн факультетіне түскім келді және мен оны табысты аяқтап шықтым. Дипломымда «графикалық дизайн» деп жазылған. Содан соң мені ойламаған жерден әскерге шақырды. Әскерде үш жыл болдым. Бұл үш жылда мен мүлдем өзге адамға айналдым. Мен дәл сол кезде киномен айналысқым келетіндігін түсіндім. Менің оператор болғым келді. Келесі он жылда мен кино операторы деген атаққа ие болу үшін аянбай жұмыс істедім. Бастапқыда ақша үшін жұмыс істедім. Бірде әлдебір жан келіп: «Мүмкін сен маған кино түсіріп берерсің!» - деді. Мен кино туралы көп білмесем де келісімімді берлім. Осылайша мен операторлық өмірді бастаған едім. Кездейсоқ, бірақ өмірлік кәсібім. Менің түсірген алғашқы фильмім ештеңе болмады, оған қаражат та аз кетті. Бірақ мен осы алғашқы сәтсіздіктен көп нәрсе үйрендім. Құдды бір осы жолда қайта студент болғандай күй кештім. Как будто снова стал студентом на этот период. Бұл менің маман ретінде қалыптасу жолымда баға жетпес тәжірибе болды».
Нарита режиссер мен оператордың тандемі жайлы да айтты:
«Ең әуелі оператор режиссердің не қалайтынын түсінуі керек. Оның шарт қоюға құқығы жоқ, ол қоюшы режиссердің қалауынан дәл түсуі тиіс. Мен өз идеяларымды тықпаламауым керек. Яғни режиссердің идеясы менің көмегіммен өнуі керек».
XIV «Еуразия» ХКФ-нде конкурстық фильмдерді түсірушілермен қызықты кездесулер, пресс-конференциялар, «Eurasia Meetings» өткізілуде. Күнделікті таңғы сағат 9:00-ден «MegaSilkWay» және «Хан Шатыр» СОО-дағы «ChaplinCinemas» кинотеатрлар желісінде фестиваль фильмдерінің көрсетілімі жалғасуда.