Қазіргі уақытта кинематографиядағы барлық процесстер «Мәдениет туралы» Заңның бірнеше тармақтары бойынша ғана қадағаланады. Бұл жоба кино секілді ірі, жеке, нақты саланың мәселелерін толықтай шеше алмайды.
Заң жобасы АҚШ, Франция, Германия, Ресей, Ұлыбритания, Қытай және өзге де алдыңғы қатарлы мемлекеттердің тәжірибесі негізінде дайындалды.
Дөңгелек үстел қатысушыларының тарапынан ұлттық киноны қолдау қорын ұлттық фильмдердің өндірісіне, прокатқа шығуына, көрсетілімі мен әріқарай өркендеуіне бөлінген мемлекеттік қаражатты бөлудің негізгі операторы функциясымен құру туралы заң жобасында көрсетілген бастама қолдау тапты.
Жоба қаражат алушылар тәуелсіз студиялар мен продюсерлер болуын ұсынды. «Қазақфильм» студиясы да бұл ашық конкурстың тең қатысушысы. Таңдаудың негізгі талаптары: ұсынылатын кино жобалардың көркемдік және мәдени маңызы, өзектілігі, маңыздылығы мен әлеуметтік бағыттылығы.
Бұл мемлекеттік қаражатты бөлудегі ашықтық пен тиімділікті қамтамасыз етеді. Және өндірушілердің де жауапкершілігін жоғарылатып, отандық кинематография нарығында бәсекелестік ортаны қалыптастыру үшін қолайлы жағдайлар жасайды.
Дөңгелек үстел қатысушыларын ұлттық киноны мемлекеттік қаржыландыру туралы жаңа жобалар таңдандырды.
Заң жобасында фильмдердің мемлекеттік қорының сақталуы мен кино жинақтарды цифрландыру мәселесіне ерекше көңіл бөлінгендігі қуантты.
Бұдан бөлек, фильмдер үшін ақпараттық мониторинг жүйесін енгізуді ұсынды.
Қосымша Заң жобасының тағы бір маңызды басымдықтарының бірі – салық жеңілдіктерін енгізу.
Қатысушылар талқылаған мәселелердің ішіндегі ең маңыздысы – кинематография саласындағы арнайы инвестициялық субсидияны заң бойынша анықтау туралы ұсыныс болды.
Дәл қазіргі уақытта бұл заң ҚР Парламент Мәжілісінің талқылауында.