"Норман Х.Толманның құнды сыйлығы" онлайн көрмесі

"Норман Х.Толманның құнды сыйлығы" онлайн көрмесі

2020 жылдың 12 маусымында Ә.Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде заманауи жапон график суретшілерінің шығармашылығын көрсететін "НОРМАН Х. ТОЛМАННЫҢ ҚҰНДЫ СЫЙЛЫҒЫ" ОНЛАЙН-көрмесі өтті.

Көрмеде 2012 жылы графиканың әр түрлі техникасында жасалған 8 туындыдан тұратын топтама ұсынылды. Онлайн-көрмені өткізудің негізгі алаңы – Facebook платформасы. 2019 жылдың желтоқсанында Ә.Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік өнер музейіне Жапонияда ұзақ жылдар бойы тұрып келген коллекционер Норман Х.Толман сыйға тартқан заманауи жапон графикасының туындылар топтамасының көрмесі HOPE – НАДЕЖДА – ҮМІТ деп аталады. Бұл топтама 2011 жылы болған Фукусима I атом электростанциясындағы ядролық реактордың қирауы апатына жауап болды. Осы қасіретті зерделеу арқылы, коллекционер Норман Х.Толман көрнекті жапон шеберлеріне Үміт тақырыбындағы графика топтамасына тапсырыс берді. Суретшілер орындау техникаларында да, бейнелі шешімдерде де шектелген жоқ. Олар "үміт", жандану ұғымдарына, оларды қалай сезінеді, осы жағына түсінік беруге тырысты. "Үміт қайда жоғалады, сонда үмітсіздік пайда болады", - деп жазды Леонардо да Винчи өз күнделігінде. Оны физикалық жағынан айту қиын, ол баянсыз, сезімтал, рухани. Осындай күрделі тақырыпты қолға алған суретшілер оны жақсылыққа және жарқын болашаққа деген сенім тұрғысынан түсіндіреді. Бұл туындылардың топтамасын қарастыра отырып, үмітсіздік жоқ, еңсеруге және қайта жандандыруға дайын әлем бар екенін түсінесің. Үміт - болмыс заңдарына сенуге негізделген, қазіргі уақытта да өзектілігін жоғалтпайтын, әлемнің оң қабылдауының парадигмасын білдіретін ең терең ұғымдардың бірі.

Жапон графиктері жұмыста әдістердің кең спектрін – ксилографияның, литографияның, жібекбаспасының дәстүрлі техникасында парақтарды жасаудан бастап, сандық баспаның аралас техникасын пайдалануға дейін қолданды. Жобаға жапон суретшілері – Южи Хасегава (1945 ж.т.), Масахико Цубота (1947 ж.т.), Кенжи Нагаи (1947 ж.т.), Есио Имамура (1948 ж.т.), Хедехико Гото (1953 ж.т.), Шинити Наказава (1956 ж.т.), Ёсикацу Тамекане (1959 ж.т.), Хао Чжоу (1960 ж.т.) қатысты.

Барлығы 70 шектеулі дана коллекциялық материал кез-келген ірі өнер туындыларының жинағы үшін құнды әрі беделді. Аталмыш топтама Smith College Museum of Art; Museum of Fine Arts, Boston; Portland Art Museum; National Gallery of Victoria, сондай-ақ жеке коллекцияларда сақтаулы.

Жапонияны жиі "гравюра елі" деп атайды және бұл кездейсоқ емес. Олар гравюра техникасын бұрыннан білді және қолданды. 17-18 ғасырларда ол әлемдік маңызы бар көркемдік құбылысқа айналды. 18 ғасырдың ортасында көп түсті

Сізге қызық болуы мүмкін: