Музейдегі түн

2017 жылы 18 мамыр күні ҚР Ә. Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейінде «Музейдегі түн» атты акция өтеді. «Музейдегі түн» - бұл Халықаралық Музей Күніне арналған бірегей көркемдік-мәдени іс-шара болып табылады.
Музейдегі түн

Іс-шараның тақырыбы: "Музейдегі шарлама елестер». Арнайы шақырылған қонақтарымыз: Сергей Соловьев және "Па Кампасам" тобы.

«Музейдегі түн» бағдарламасы: 16.00 – дәстүрлі жыл сайынғы музей қызметкерлерінің "Көктемгі экзерсисы"атты көрмесінің ашылуы

16.30 – халықаралық қырғыз суретшілерінің көрмесі. Интерактивті инсталляция және тақырыптық фото-аймақтары. Шайдан дәм тату және қолөнер жәрмеңкесі. food-аймақ пен экспозициялар еркін жұмыс істейді.

17.00-19.00 – тақырыптық шеберлік-сабақтары, музейдің фойесі мен конференц-залында, құммен кескіндеме (2000 теңге), аспаздық шебер-сабағы, түрлі-түсті мастикамен мерекелік пишенелерді әрлеу (2000 теңге) және сонымен қатар керамикалық шеберханасы ашық болады (1000 – 1500 тенге).

19.00-21.00 – open-air алматылық  рок-тобы «Па Кампасам», сәнді дефиле және музей ауласында дискотека.

21.00-23.00 – "Музейдегі шарлама елестер» перформанстары және  музей экспозициясында би-музыкалық этюдтер.

23.00 - ұмытылмас  кештің хедлайнері  Lumiere атынан fire-show.

Әрі қарай қонақтар 24.00 дейін музейді еркін арлауға болады.

Кеш бойы музейге кіру, экспозицияларды аралау тегін.

Сізге қызық болуы мүмкін: