Ислам дәстүрімен рухтанған, заманауи өнер мен дизайн көрмесі ашылды

Виктория & Альберт музейі (Ұлыбритания) және Ә.Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейі Қазақстан Британ Кеңесінің қолдауымен Төртінші Жамил Жүлдесі финалистерінің көшпелі көрмесін ашық деп жариялайды.
Ислам дәстүрімен рухтанған, заманауи өнер мен дизайн көрмесі ашылды

Виктория & Альберт музейі (Ұлыбритания) және Ә.Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейі Қазақстан Британ Кеңесінің қолдауымен Төртінші Жамил Жүлдесі финалистерінің көшпелі көрмесін ашық деп жариялайды. Жамилдің
төртінші сыйлығы көрмесінде финалға өткен 11 қатысушысы өз шығармаларын
ұсынады. Марапат 2009 жылдан бастап, әр екі жылда бір рет өнердегі, дизайндағы
және қолөнердегі ислам дәстүрімен рухтанған дүние жүзінің заманауи суретшілері
мен дизайнерлеріне табысталады.

Төртінші Жамил Сыйлығы көрмесінің Ә.Қастеев атындағы ҚР
Мемлекеттік өнер музейіндегі ашылуы, Қазақстандағы Жамил сыйлығының алғашқы тұсаукесері
болып табылады. Көрме жетекші суретшілер мен дизайнерлердің шығармалары арқылы ислам
дәстүрінің айқындылығы мен байлығын ашып көрсетеді. Қағаздан жасалған әсем
коллаждан бастап, қуыршақ-марионеткалардың бейне-жұмыстары, қыш және мүсін
өнері, кітап иллюстрацияларынан тұратын 35 өнер туындылары, ежелгі ислам
дәстүрі мен заманауи тәжірибе арасындағы мәдени сұхбаттың мүмкіндіктерін
көрсетеді.

 

 

Төртінші Жамил Сыйлығы Бразилия, Египет, Иран, Ливан,
Пәкістан, Түркия және Ұлыбритания сияқты әр түрлі әлем елдерінің суретшілері
мен дизайнерлерінің жұмыстарына баға беруге мүмкіндік жасайды. Сондай-ақ, көрме
белгілі халықаралық шеберлердің жұмыстарын жас суретшілер мен дизайнерлердің
жұмыстарымен салыстыруға мол мүмкіндік береді.

Төртінші Жамил Сыйлығы көрермендерді тереңдігі,
кемелділігі мен әр алуандылығы бұрынғы ғаламат бейнелеу дәстүрлеріне заманауи
талдау бойынша қол жеткізген, өнер мен дизайнның көркем әрі еліктіргіш әлеміне
шақырады.

Алматыдағы Төртінші Жамил Сыйлығы көрмесі Лондонның
Виктория & Альберт музейі мен Арт-Жамил серіктестігімен ұйымдастырылды.

 

 

Төртінші Жамил Сыйлығының жеңімпазы:

Гулам Мохаммад (Ghulam Mohammad)

Финалға қатысушылар

Дэвид Чалмерс Алесуорт (David Chalmers Alesworth)

Рашид Aраин (Rasheed Araeen)

Лара Aссоуад (Lara Assouad)

КАНАН (CANAN)

Жевдет Эрек (Cevdet Erek)

Саһанд Һесамиан (Sahand Hesamiyan)

Люсия Кох (Lucia Koch)

Гулам Мохаммад (Ghulam Mohammad)

Шаһпоур Поуян (Shahpour Pouyan)

Уаэл Шауки (Wael Shawky)

Баһия Шеһаб (Bahia Shehab)

 

Көрме туралы

• Төртінші Жамил Сыйлығы көрмесі Ә.Қастеев атындағы ҚР
Мемлекеттік өнер музейінде Алматы, 2017 жылғы 29 қазаннан 2018 жылғы 8 қаңтарға
дейін өтеді.

• Ә.Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейі Төртінші
Жамил Сыйлығы көрмесіне арналған үшінші және соңғы алаң болып табылады. Осыдан
бұрын, көрме Пера Музейінде, Түркияда 2016 жылдың 8 маусымынан, сол жылдың 14
тамызына дейін өткізілген болатын. 2016 жылғы 7 маусымда, сонымен бірге,
Азиялық мәдениет орталығында, Гуаңжу, Оңтүстік Кореяда, 2017 жылдың 30
маусымынан 8 қазанға дейінгі аралығында Гулам Мохаммад жеңімпаз деп жарияланды.

• Көрмеге қатысқан суретшілер туралы қосымша ақпарат
еhttps://www.vam.ac.uk/info/jameel-prize-4/ сайтында.

 

 

V&А музейінің ислам өнері туындыларының коллекциясы
туралы

V&А музейі ислам өнерінің коллекциясын 1850 жылдардан
жинай бастады. Ол ислам өнерін британдық өнеркәсіптік дизайнды реформалау
туралы миссия аясында әлемге ең алғаш таныстырғандардың бірі. Музейдің
құрылтайшылары ислам өнері мен дизайнын қоғамдық талғам мен заманауи өндіріс
модельдерін бағдарлау мен бағыттауға арналған эталондық үлгі деп есептеді. Жамил
Сыйлығы арқылы V&А бұрынғы ислам өнерінің әлі күнге дейін рухтанудың қайнар
көзі екендігін көрсетуге мүмкіндік алды. Жамил Сыйлығы V&А қайраткерлігі
бағдарламасының бүкіл дүние жүзіндегі мәдени байланыстарды дамыту мен мәдени
өзара түсіністікке көмектесуге бағытталған бір бөлігі болып табылады.

 

Жамил Сыйлығы туралы

Бүкіл дүние жүзіндегі жетекші тәлімгерлер, дизайнерлер,
суретшілер мен өнер қайраткерлері Жамиль Сыйлығына үміткерлерді ұсынуға
шақырылды. Пуэрто-Рико, Мали, Пәкістан, Түркия және Тайланд сияқты елдерден 200
астам өтініш келіп түсті. V&A бұрынғы директоры Мартин Роттың басқаруындағы
Қазылар алқасының құрамы финалға қатысатын он бір суретші мен дизайнерді
іріктеп алды.

 

 

Арт Жамил туралы

Арт Жамил − суретшілер мен шығармашылық бірлестіктерге
қолдау көрсететін қоғамдық ұйым. Бүгінгі бастамаларына мұра институттары мен
қайта жаңғырту бағдарламасын құру, сондай-ақ, барлық жас бойынша өнер мен білім
беру саласындағы бастамалардың ауқымды спектрін жатқызуға болады. Ұйымның
бағдарламалары ашық, өзара байланысқан қоғамдастықтарды құруда өнердің алатын
рөлін жоғарлатады; өзгерістер кезеңі мен әлеуметтік драмалық алмасуларда осы
рөл бұрынғыдан да маңыздырақ бола түседі.

Арт Жамилдің моделі серіктестік болып табылады: негізгі
институционалдық серіктестері Виктория және Альберт музейі, Ханзаданың дәстүрлі
өнер мектебі мен Метрополитен музейі; ұйым ескі және жаңа технологияларды
қамтитын инновациялық бағдарламалар жасауда жергілікті жеке тұлғалар мен
ұйымдармен ынтымақтастық орнатады. Сонымен бірге, кәсіпкерлікті көтермелейді,
мәдени желілерді дамытады.

Арт Жамил, Жамил Қоғамдастығымен қатар жүреді және Таяу
Шығыс, Солтүстік Африка мен Түркиядағы жұмыс орындарын құру, кедейшілікті
азайту, позитивті әлеуметтік өзгерістерге көмектесу бойынша өзі тектес
ұйымдардың жұмысын толықтырады.