Шоқан Төлештің "Алтын бағыт" мерейтолық көрмесі ашылды

2019 жылдың 23 қазанында ҚР Ұлттық музейінде ҚР Өнер академиясының академигі, ҚР Суретшілер Одағының мүшесі, Лондон қаласындағы Еуразиялық шығармашылық гильдияның мүшесі, мүсінші Шоқан Төлештің 65 жылдығына арналған "Алтын бағыт" мерейтойлық көрмесінің ашылу салтанаты өтті.
Шоқан Төлештің "Алтын бағыт" мерейтолық көрмесі ашылды

2019 жылдың 23 қазанында ҚР Ұлттық музейінде ҚР Өнер академиясының академигі, ҚР Суретшілер Одағының мүшесі, Лондон қаласындағы Еуразиялық шығармашылық гильдияның мүшесі, мүсінші Шоқан Төлештің 65 жылдығына арналған "Алтын бағыт" мерейтойлық көрмесінің ашылу салтанаты өтті. Көрмеде шебердің 60-қа жуық туындысы қойылған. Ш.Төлеш Швейцарияда, Лихтенштейн, Лондон, Египет, Мәскеу князьдігінде көптеген жеке және топтық, қалалық, республикалық және шетелдік көрмелердің қатысушысы.

Шоқан Төлеш өзінің идеяларын іске асыру мақсатында шығармашылық ізденуде жаңа пішіндерді қолданады. Бұл оның нәзік келген, мәнді сызықтарынан, жарқын көлемі мен тамаша шешім тапқан әрбір бейнесінен көрініс табады. Оның кез-келген жұмысында адамдардың жаны, көңіл-күйі мен эмоциялары, сезімдері ерекше көрініс табады. Мүсінші үшін ең маңыздысы бейненің шешімі. Еңбектері негізінен әйелдер қауымына, аналарға арналған. Дәл кіре берісте қонақтарды «Ханшайым» (2019), «Ханшайым-1», «Ханшайым-2», «Кербез Астана» (2015) және көктем мезгіліне арналған топтама қарсы алады. «Таңсәрі» тақырыбына арналған бірнеше туындылары да сұлу, нәзік жанды аруларға арналған. Яғни, мүсінші бір тақырыпты шешуге бірнеше рет қайта оралады және әр түрлі материалды қолдану арқылы өзгеше шешім табуға тырысады. Оның шығармалары динамикалы, қимыл-қозғалысқа толы, бұл автордың үнемі ізденіс, шығармашылық ой үстінде жүретінін айғақтайды.

Керуен. Әйнек. 2015

Негізінен жұмыстарында күміс, қола, мәрмәр, аллюминий, тас пен ағаш сынды табиғи материалдарды қолданады. Кейінгі жұмыстарында автор сүйікті материалы ретінде әйнекті («Керуен» 2015, «Отбасы» 2018) жиі қолданысына енгізген.

Мүсінші классикаға, абстракционизмге, экспрессионизмге жүгінеді, материалмен, өлшемдермен батыл тәжірибе жасайды.

Шоқан Төлеш Шығыс пен Батыстың стилистикасын біріктіру арқылы қазақ бейнелеу өнерінде өзіне ғана тән, жаңа пластикалық тілді ұлттық нақышта әзірлеген мүсінші болып табылады. Бұл әртүрлі сипаттағы мәдениет әсем және кейде жұмбақ мүсіндер сызықтарында үйлесімді келеді. Оның еңбектерінде, сонымен қатар сақ, түркі мәдениетінің бірегейлігі көрініс табады. Бұл оның экспозициядағы «Сақ жауынгері» (2013),  «Сақ көсемі» (2011), «Томирис» (2015), «Ғұн. Атилла» (2013), «Қасқыр» 2012 атты туындырында берілген.

Томирис. Қола, тас. 2015

Мүсіншінің шығармалары авторлық ойдың барлық алуан түрлілігін біртіндеп ашатын айналмалы шолу арқылы өзінің "оқығанын" талап етеді. Жұмыстары ешкімді бей-жай қалдырмайды, ерекше тамсандырады және оларға қайтадан оралуға мәжбүрлейді. Оның мүсіндері Қазақстан, АҚШ, Франция, Бельгия, Италия, Швейцария, Лихтенштейн князьдігі, Ұлыбритания, Австрия, Египет, Түркия, Ресей, Сингапур, Татарстан мемлекеттік мұражайлары мен жеке коллекцияларында ерекше орынға ие.

Сізге қызық болуы мүмкін: