"Құйын" фильмі Түркияда өткен кинофестивальде жүлдеге ие болды

Түркияда өткен VII Yed-i Velayet халықаралық кинофестивалінде Рахымжан Қалдыкөздің "Құйын" фильмі жүлдеге ие болды
"Құйын" фильмі Түркияда өткен кинофестивальде жүлдеге ие болды

Кинорежиссер Рахымжан Қалдыкөздің «Құйын» көркемсуретті фильмі Түркияның Бурса қаласында өткен VII Yed-i Velayet халықаралық қысқаметрлі фильмдер фестивалінде үшінші орынды иеленді.

Марапаттау рәсімі 28 қырқүйекте өтті. Фестивальге келіп түскен 680 өтінімнің ішінен 7 фильм ғана соңғы кезеңге өткен.

«Құйын» фильмі Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының «Дебют» шығармашылық-өндірістік бірлестігінде түсірілген. Оқиғасы анасын жалмаған және әкесін мүгедектер арбасына байлаған жол апатынан кейінгі өмірін баз қалпына келтіруге тырысқан отбасы жәйлі.

Рахымжан Қалдыгөз

1994 Оңтүстік Қазақстан облысы, Қосағаш ауылында дүниеге келген. 2017 жылы ҚазҰӨА «Көркем кино режиссурасы» (Эля Гильман шеберханасы), 2019 жылы магистратурасын тәмамдады.

Фильмография

  • 2016 – Сумка (қысқаметрлі)
  • 2017 – Шыңырау (қысқаметрлі)
  • 2020 – Құйын (қысқаметрлі)

Фестивальдер мен жүлделері:

  • КиноАрт РКФ – Сумка, «Үздік операторлық жұмыс» (Шымкент, 2016)
  • Baiqonyr Short Film Festival – Шыңырау, «Үздік әйел ролі» (Алматы, 2017)
  • Самғау РКФ – Шыңырау, «Бас жүлде» (Шымкент, 2017)
  • Жайық РКФ – Шыңырау, «Үздік режиссерлік жұмыс» (Орал, 2017)
  • Зилант ХКФ – Шыңырау, «Бас жүлде» (Қазан, Татарстан, РФ, 2017)
  • «Үміт» ТМД елдері жастар киносының форумы – Шыңырау, қатысушы (Бішкек, Қырғызстан, 2017)
  • Alemlere Rahmet ХКФ – Шыңырау, ІІ орын (Ыстамбұл, Түркия, 2018)
  • Yed-i Velayet ХКФ – Құйын, ІІІ орын (Бурса, Түркия, 2020)
Сізге қызық болуы мүмкін: