Жас кинотанушылардың байқауы өтті

«Кинотану» мамандығының 1-3 курс студенттері арасында «Заманауи қазақ кино өнері және рухани жаңғыру идеясы» тақырыбында ғылыми мақалалар байқауы өтті.
Жас кинотанушылардың байқауы өтті

Т. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының «Өнертану» факультеті, «Кино тарихы мен теориясы» кафедрасының ұйымдастыруымен "Кинотану" мамандығының 1-3 курс студенттері арасында "Заманауи қазақ кино өнері және рухани жаңғыру идеясы" тақырыбында ғылыми мақалалар байқауы өтті.  Байқаудың бағалау комиссиясында PhD, СДУ қауымдастырылған профессоры Молдияр Ергебеков; PhD, аға оқытушы Алма Айдар; өнертану магистрі, оқытушы Әлімақын Жанболат; докторант, оқытушы Дана Әмірбекова; докторант, оқытушы Аида Машурова; оқытушы Гүлім Көпбаева; докторант, М.Әуезов атындағы ОҚМУ оқытушысы Ержан Жұмабеков; «Бродвей» кәсіби кинопорталының бас редакторы және редакторы Мамаева Айдана мен Кегенбаева Мадина болды. Сонымен қатар кинотану мамандығының 4-курс студенттерінен құрылған тәуелсіз бағалау комиссиясы өз таңдауын жасады.

Бағалау қорытындысы бойынша 1-орынды «Қазіргі қазақ киносындағы жағымсыз кейіпкер» мақаласымен 1-курстың студенті Табиғат Сембаев иеленді.

Молдияр Ергебеков, Табиғат Сембаев

«Дебют» фильміндеріндегі тақырыптық ізденістер (2015-2017)» мақаласын жазған Ұлдана Мырзақұл мен «Отандық кинематографиядағы патриотизм» мақаласының авторы Әдемі Қапар екінші орыннан көрінді.

Ержан Жұмабеков, Ұлдана Мырзақұл

Баубек Нөгербек, Әдемі Қапар

3-орынды иеленгендердің қатарында «Балапан арнасындағы мультыфильмдердің көркемдік ерекшеліктері» мақаласымен Алтынай Тайжанқұлова, «Целеобразность перевода иностранных картин на государственный язык» мақаласымен Жақпаров Қуанышбек және «Отандық фильмдердің, телесериалдардың телеарналарда насихатталуы» туралы жазған  Қайыржан Сармантаев болды.

Әлімақын Жанболат, Тайжанқұлова Алтынай

Алма Айдар, Қайыржан Сармантаев

Мадина Кегенбаева, Қуанышбек Жақпаров

Бродвей таңдауына «Нұртас Адамбай комедияларындағы әлеуметтік мәселе» мақаласымен 2-курстың студенті  Мақпал Бақыт ілінді.

Мамаева Айдана, Мақпал Бақыт

Тәуелсіз бағалау комиссиясы 1-курстың студенті Айқын Әкімжанға «Қазақ киносындағы субмәдениет» мақаласы үшін өз жүлделерін тапсырды.

Әмина Жақұпова, Айқын Әкімжан, Арайлым Нөгербек

Байқауға қатысқан барша студенттердің мақалаларын алдағы уақытта порталымыздан кезегімен жариялайтын боламыз. 

Сізге қызық болуы мүмкін: