Ғалым Оспанов – натюрморт шебері. Суретшінің туындыларындағы заттардың аясы қатаң шектеулі − бұл көбінесе алма, алмұрт, жемістер салуға арналған сауыт. Шығарма заттардың тобын немесе олардың біреуін ғана жинақтап қамтитынына қарамастан, композиция қысқа және жалпылама түрде шешіледі. Бірақ қарапайымдылық пен минимализм алдамшы. Оспанов кескіндемесіне күрделі түстік үдемелер, сондай-ақ нысанның мұқият ойластырылуы және оның кеңістікте орналасуы тән. Нысанмен әр түрлі әдісте жұмыс істеу оны жаңаша түрде ұсынады – түрлі масштабта, оның орталықта орналасуы, бөлініп көрсетілуі, кескіннің бұзылуы немесе реңдік кереғарлығы. Бұл әдістер жекелеп немесе жиынтығында да жұмыс істей алады, сонда кәдімгі алма мүлдем жаңаша тұрғыда көрініс табады – қабықтың құрылымдық сипаты құдды бір үлкейткіш әйнек астында немесе макротүсірілім жүйесінде егжей-тегжейлі көрінгенде немесе жемістің қатты сыртының бірқалыпты дөңгелектігінде. Мұндай қабылдау, оның метафизикалық мәнін ашады әрі қалыпты түсінігін өзгертеді.
Визуалды тәсілдер арқылы суретші сыртқы қабатының жанасу түйсіктерін жеткізуге тырысады. Бейнелі қабатының құрылымы – Ғалымның шығармашылығын құраушы өзгермейтін ерекшеліктерінің бірі. Оның түсі суретшінің қалауымен тербеледі, құрамдас бөліктеріне бөлініп, қайтадан құралады. Суретшінің басты құралы болып табылатын бояу амплитудасы – байсалды монохромның күрделі реңкінен батыл ашық жергілікті екпінге дейін қырық құбылады.
Ғалым Оспановтың үйреншікті дүниелерді күтпеген көру аймағының бұрышынан тамашалау және көрсету ептілігі, оларды осыған тұрарлықтай мұқият пайымдау мен эстетикалық ләззат алуға лайық әлемнің ерекше құбылыстарына айналдырады.
Көрме жетекшісі - Екатерина Резникова.