Мақала
Кино мамандары 2016 жылдың үздік фильмдерін атады
Кино өнері жайлы ғылыми еңбектер жазып, мерзімді баспасөз беттерінде мақалалары жарық көріп жүрген кинотанушылар мен журналистер, vlogerлер 2016 жылы жарыққа шыққан үздік туындыларды атады
Бөлім: Кино
Датасы: 03.01.2017
Авторы: Дана ӘМІРБЕКОВА

Әр бағытта өрбіп, жан-жақты дамып келе жатқан  отандық киноөндірісімізде соңғы жылдары едәуір өрлеу нышандары байқалуда. Нақтырақ айтар болсақ, 2006 жылы мемлекеттік және жекеменшік студиялар жалпы саны сегіз фильм  шығарған болса, араға он жыл салып, 2016 жылы отыздан астам кинотуынды  жарыққа шықты. Бұлардың арасында Халықаралық кинофестивальдерде жүлделерге ие болған авторлық, қаржы табуды көздеген коммерциялық және патриоттық сезімді тәрбиелеуге бағытталған мемлекет тапсырысымен түсірілген арнайы жобалар да болды.

Қуантарлығы, түсіру мәнері мен тақырыпты ашу жолындағы жан-жақты ізденістері арқылы көзге түсіп, Халықаралық және Республикалық, студенттік кинофестивальдерде жеңімпаз атанып жүрген жас кинематографистеріміз де алғашқы қадамдарын сәтті жасады.

Өткен жылдың үздік кинотуындыларын айқындау мақсатында, кино жайлы терең зерттеулер жүргізілген ғылыми еңбектер жазып, мерзімді баспасөз беттерінде мақалалары жарық көріп жүрген кинотанушылар мен журналисттер, vlogerлер 2016 жылы жарыққа шыққан (толықметрлі, қысқаметрлі, деректі және көркем) фильмдердің арасынан өздері үздік деп санайтын туындыларды атады.

Гүлнар Әбікеева
Өнертану докторы, «Тұран» университетінің профессоры, кинотанушы, «Біздің кино» телебағдарламасының жүргізушісі:

  • «Төрт оқиға» («Раненный ангел»), реж. Эмир Байғазин
  • «Куәгер» («Свидетель дела №6»), реж. Серік Әбішев
  • «Қаратас ауылындағы оба» («Чума в ауле Каратас»), реж. Әділхан Ержанов

Дәрежан Өмірбаев
ҚазҰӨА доценті, кинорежиссер, кинотанушы:

  • «Жаңғақ тал» («Ореховое дерево»), реж. Ерлан Нұрмұхамбетов
  • «Сүйінші»  («Радостная весть»), қысқаметрлі деректі, реж. Мадина Беспаева
  • «Еркек» («Мужчина»), қысқаметрлі, реж. Берік Жаханов

Гүлжан Наурызбекова
ҚазҰӨА профессоры, ҚазҰӨА «Кино тарихы мен теориясы» кафедрасының меңгерушісі, кинотанушы:

  • «Аялдама» («Остановка»), қысқаметрлі, реж. Дияс Құлмақов
  • «Куәгер» («Свидетель дела №6»), реж. Серік Әбішев
  • «Аудандар» («Районы»), реж. Ақан Сатаев

Назира Мұқышева
Өнертану кандидаты, ҚазҰӨУ доценті, кинотанушы:

  • «Сүйінші»  («Радостная весть»), қысқаметрлі деректі, реж. Мадина Беспаева
  • «Картоп жегіштер» («Едоки картофеля»), қысқаметрлі, реж. Шарипа Оразбаева
  • «Төрт оқиға» («Раненный ангел»), реж. Эмир Байғазин

Инна Смаилова
Өнертану кандидаты, ҚазҰӨУ доценті, кинотанушы:

  • «Қаратас ауылындағы оба» («Чума в ауле Каратас»), реж. Әділхан Ержанов
  • «Куәгер» («Свидетель дела№6»), реж. Серік Әбішев
  • «Өліара», қысқаметрлі, реж. Елзат Ескендір

Гүлнар Мүрсәлімова
Өнертану кандидаты, ҚазҰӨА «Кино және ТВ» факультетінің деканы, кинотанушы:

  • «Алмас қылыш» («Алмазный меч») реж. Рүстем Әбдірашев
  • «Анаға апарар жол» («Дорога к матери»), реж. Ақан Сатаев
  • «Маршрут», қысқаметрлі, реж. Дархан Төлегенов

Молдияр Ергебеков
Ph.D., СДУ қауымдастырылған профессоры, кинотанушы:

  • «Куәгер» («Свидетель дела №6»), реж. Серік Әбішев

Гүлзат Көбек
Ph.D., «Тұран» университетінің профессоры, кинотанушы:

  • «Алмас қылыш» («Алмазный меч») реж. Рүстем Әбдірашев
  • «28 панфиловшылар» («28 панфиловцев») реж. Андрей Шальопа
  • «Жұлдыздар тоғысқанда» («Так сложились звезды») реж. Сергей Снежкин

Баубек Нөгербек
Ph.D., ҚазҰӨА доценті, кинотанушы:

  • «Анаға апарар жол» («Дорога к матери»), реж. Ақан Сатаев

Ержан Жұмабеков
ҚазҰӨА докторанты, кинотанушы:

  • «Картоп жегіштер» («Едоки картофеля»), қысқаметрлі, реж. Шарипа Оразбаева
  • «Еркек» («Мужчина»), қысқаметрлі, реж. Берік Жаханов
  • «Маршрут», қысқаметрлі, реж. Дархан Төлегенов

Дана Маткерім
ҚазҰӨА аға оқытушысы, кинотанушы:

  • «Жаңғақ тал» («Ореховое дерево»), реж. Ерлан Нұрмұхамбетов
  • «Бөпем», реж. Жанна Исабаева
  • «Аудандар» («Районы»), реж. Ахан Сатаев

Дана Әмірбекова
Өнертану магистрі, кинотанушы: 

  • «Бөпем», реж. Жанна Исабаева
  • «Ертең теңіз» («Завтра море»), деректі, реж. Катерина Суворова
  • «Ауыл тынысы» («Дыхание аула»), қысқаметрлі деректі, реж. Қымбат Тойшы

Әлімақын Жанболат
Өнертану магистрі, кинотанушы:

  • «Картоп жегіштер» («Едоки картофеля»), қысқаметрлі, реж. Шарипа Оразбаева
  • «Еркек» («Мужчина»), қысқаметрлі, реж. Берік Жаханов
  • «Өліара», қысқаметрлі, реж. Елзат Ескендір

Айдана Аламан
Өнертану магистрі, кинотеледраматург, vloger:

  • «Төрт оқиға» («Раненный ангел»), реж. Эмир Байғазин
  • «Жаңғақ тал» («Ореховое дерево»), реж. Ерлан Нұрмұхамбетов
  • «Қазақша бизнес», («Бизнес по-казахски»), реж. Жеңісхан Момышев

Кәрім Қадырбаев
Журналист:

  • «Қаратас ауылындағы оба»(«Чума в ауле Каратас»), реж. Әділхан Ержанов
  • «Тараз», реж. Нұртас Адамбай
  • «Аудандар» («Районы»), реж. Ақан Сатаев

Әсия Бағдаулетқызы
Журналист:

  • «Қаратас ауылындағы оба» («Чума в ауле Каратас»), реж. Әділхан Ержанов
  • «Куәгер» («Свидетель дела№6»), реж. Серік Әбішев
  • «Сот орындаушысы» («Судебный исполнитель»), реж. Мұрат Махан

Жоғарыда аталған фильмдердің әрқайсысы көрерменнің ыстық қошеметіне ие болған, айрықша атап өтуге тұрарлық туындылар. Ерлан Нұрмұхамбетов, Эмир Байғазин, Әділхан Ержанов, Серік Әбішев сынды танымал режиссерлер шебер жасалған авторлық туындылары арқылы қазақ киносының беделін көтеріп, елімізді әлемге паш етіп жүрсе, Ақан Сатаев, Нұртас Адамбай, Нұрлан Қоянбаев сияқты т.б. сұранысқа ие продюсер-режиссерлер сапалы «мейнстрим» жасау арқылы ақша табудың озық үлгілерін  көрсетуде.

Жастар — біздің болашағымыз, ертеңіміз. Осы тұрғыда өнер жолындағы алғашқы қадамдарын сәтті бастап келе жатқан Шарипа Оразбаева, Дархан Төлегенов, Берік Жаханов, Мадина Беспаева, Қымбат Тойшы тәрізді т.б. ешкімге ұқсауға тырыспай, өз дара жолын іздейтін, жаңаша көзқарастары арқылы киномыздың ертеңіне сеніммен қарауға себепші болған дарынды жастардың өсіп келе жатқаны көңіл қуантады.

2017 жылы қазақ экрандарына жол тартуға жоспарланып отырған фильмдердің саны да отыздан асып жығылатыны белгілі болды. Сан болса, сапа да болады. Ендеше, отандық фильмдеріміз неғұрлым көбейе түссе, өнерімізді әлемге паш ететін нағыз өнер туындыларының да арта түсетіні еш күмән тудырмайды. Осы орайда, отандық кинематографистерімізге шығармашылық шабыт тілей отырып, жаңа жыл рухани азық беретін сапалы туындыларға толы болсын деген тілек білдіреміз!