Мақала / #студентСөзі
Қазіргі таңдағы отандық телехикаялар идеясы
Бұқаралық ақпарат құралдары миллиондардың көңілінен шығатын, халыққа татымды тәрбиелік мәндегі дүниелер ұсынып, адамдардың санасына әсер ететін жаңашылдық жасап жарысып келеді. Соның бір үлкен саласы телесериал
Бөлім: Кино
Датасы: 09.12.2017
Авторы: Гүлбақыт Ілиясова
Мақала
Қазіргі таңдағы отандық телехикаялар идеясы
Бұқаралық ақпарат құралдары миллиондардың көңілінен шығатын, халыққа татымды тәрбиелік мәндегі дүниелер ұсынып, адамдардың санасына әсер ететін жаңашылдық жасап жарысып келеді. Соның бір үлкен саласы телесериал
Бөлім: Кино
Датасы: 09.12.2017
Авторы: Гүлбақыт Ілиясова
Қазіргі таңдағы отандық телехикаялар идеясы

Қазақ кинематография әлемі жыл санап сапалы телехикаялар қатарын толықтырып келеді. Заман талабы және жаңа жабдықтармен телесериалдар өз жемісін сапалы беруде. Бұқаралық ақпарат құралдары миллиондардың көңілінен шығатын, халыққа татымды тәрбиелік мәндегі дүниелер ұсынып, адамдардың санасына әсер ететін жаңашылдық жасап жарысып келеді. Соның бір үлкен саласы телесериал. Жалпы сериалдың негізгі мақсаты сендіре білу, сол сериалмен бірге өмір сүргізу. Телехикая арқылы әрбір ұлттың болмысы мен тыныс-тіршілігін, салт-санасын білуге болады. Мысалы: киім кию, үлкен мен кіші арасындағы қатынас, жастардың қай бағытқа бет алып бара жатқанын біле аламыз. Үнді,түрік,кәріс сериалдарына қарап «Олар үлкеннің алдынан қи өтпейді, киінгендері қандай күшті» - деп таңырқаймыз. Осыншама ізеттілік, киіну әдебі баршасы өзімізде де бар емес пе?.Ұлтымызды танытатын қазақ телехикаялары баршылық. Елімізде қаншалықты сапалы, тың дүниелер шығарылып жатқанын соңғы жылдары көрермендердің ыстық ықыласына ие болған мына сериалдарды ерекше айта кетсек болады:

Қара шаңырақ – 2014 жылы жарық көрді. Бұл телехикая Ақан Сатаевтың «Ағайынды» туындысының жалғасы негізінде түсірілген. Басты рөлдерде: Азамат Сатыбалды, Әділ Ахмет, Дәурен Серғазин, Мариям Думанова,Асель Қалиева сынды өз ісінің майталмандары сомдап шықты. Бірнеше режиссерлық топ жұмыс атқарған. Сондықтан да туынды көрермендердің зор сұранысына ие болды. «Қара шаңырақ» сериалында Дәулеттің рөліндегі актер Әділ Ахметов осы тундыды жайлы өз ойымен бөлісті: «Бұл сериал ең бірінші басталған кезде көп актерлер қашқақтады. Өйткені, 100 серия дегенде бәрі шошыды. Қалай 100 серия, қаншама уақыт кетеді, 8 айға дейін кетуі мүмкін ғой деген секілді қорқыныш болды. Бәрі шошыды. Ал, мен керісінше түскім келді. Өйткені, 100 серия деген қайта жақсы деп есептедім. Себебі, біздегі көп сериалдар 10-20 сериядан тұрады. Оған халық бауыр басып үлгере алмай қалады. Шортаң етіп бітіп қалады. Енді 100 серия болғандықтан оған бірте-бірте халық сеніп, өзінің туысындай болып кетеді. Киноның мақсаты халықты сендіре білу, халықты сол сериалмен өмір сүрдіре білу. Солай жақсы-жақсы ойлар тастау. Ең басты мақсат халыққа пікір қалдыру, ой тастау. Соны орындадық деп ойлаймын. 6 ай бойы күн демей, түн демей тер төгіп қызмет еттік. Кинода жылдам, қағлез болуың керек. Дубльдер өте көп болып кететін кездер де болады, сондай кезде түрлі мінездерді өзіңе сіндіре бастайсың, сабырлы бола түсесің. Көп нәрсе үйрендім. Жалпы сериал актер үшін өте көп тәжірибе береді екен.» дейді[2]. Әділ Ахметовтың айтқанындай-ақ бұл фильм баршамызға ой тастады деген енімдемін. «Қара шаңырақ» телехикаясы қарапайым отбасындағы үш ағайындының нешетүрлі қызыққа сан сынаққа толы тағдырлары жайлы оқиғалар бейнеленеді. Телехикаяның көрерменге берер идеясы қазіргі қоғамдағы бірге туған бауырлардың біріне-бірі жат болып, бауырмашылдық деген қасиеттің жоғалып бара жатқаны белең алуда. Сол себепті Қанағат Мустафиннің аталмыш туындысы бір анадан туған бауырлар арасындағы мейірімді оятып, «бауыр» деген асыл сөздің қадірін жүрекке жеткізе білу.

Сырғалым – Қазақстан ұлттық телеарнасы 2014 жылдың 15 қаңтарында 48 бөлімнен тұратын «Сырғалым» атты төл туындының 1- ші маусымы көрермен назарына жол тартты. Сериалдың екінші маусымы 2014 жылдың 7 сәуірінде жарық көрді. Жалпы телехикая 80 бөлімнен тұрады. Қарапайым ауыл қызы, әкесінің ескі досының үйіне тұруға қалаға келеді. Үш ағайынды ұлдардың әрқайсысы өз істері, кейбірінің тіпті отбасы бар.Бастапқыда олар ауыл қызын менсінбей, алалайды. Кейіннен үйдің үлкен ұлы Сырғалымға қамқор болып, ал ортаншы ұлы оны ұнатып қалады. Ал кенжесі болса өз уайымымен жүреді.Шытырман сюжетке тән арам ойлар,күрделі жеке тұлғалық қатынастар мен құпиялар осы телехикаяда тоғысқан. Қоюшы-режиссері,сценарий авторы деген бірнеше еңбекті мойнна алған шебер Рашит Сүлейменов Сырғалым» телехикаясын жасаушылар идеология факторына көп мән бергенін атап өтті. Және түсіру алаңында лексиканың дұрыстығын тексеретін екі редакторымыз бар,себебі біздің кейіпкелеріміз қазақ тілінде дұрыс сойлеуі тиіс.Көптеген тіл маманы,қоғам қайраткерлері телехикаядағы қазақ тілінің жоғары деңгейін атап өтті.Біз үшін бұл үлкен мақтаныш»,-дейді режиссер. Туынды арқылы, жоғарыда айтылған кезекті туған-туыс арасындағы алауыздық, ешкімі жоқ қорғансыздың күй-жайын бейнелеген. Осы арқылы идея авторы қорғансызға қорған, панасызға пана болуға, халқымыз жетімін жылатпаған ұлт екендігін алға қойған. Сырғалымның рөлін жас болсада талантты актриса Жұлдыз Маханова сомдады.

Махаббатым жүрегімде - көпшіліктің асыға күткен Баян Мақсатқызының продюсерлігімен 2014 жылы түсірілген телехикая.Туынды 2 маусымнан тұрады.Сериял ауылдық қызбен қаланың ауқатты отбасынан шыққан жігіт ортасындағы махаббат хикаясын бейнелеген. Екеуінің қиындыққа толы ауыр жолы әртүрлі әлеуметтік тұрмыс арасындағы жағдай,қала мен ауылдың байланысы,қыздың өмір салған сындарына төзуі,ақ пен қара айқасқан өмір жолы сомдалады.Идея авторы қазіргі таңдағы жастар арасындағы кей оқылықтарды,жастықтың буына алданып сан соғып қалмауын көрсеткісі келді.Қазіргі таңда жастар арасында ойланбастан асығыстық жасап қоятын жағдайлар көптеп кездеседі.Ауқатты отбасы адамдары әлеуметтік жағдайы төмен жандарға ат үсті қарап,оларды алалап шығатыны жоқ емес. Махаббаты жүрегімде туындысы дәл көздеп адамдарға ой салып шықты. Көрген әрбір саналы жан бұл оқиғалардан сабақ алып,адамгершілікке қарай ойланары анық. Телехикаяның режиссері Асқар Ұзабаев. Басты рөлдерді Қазақ аруы 2014 жеңімпазы,актриса Гүлназ Жоланова,Тәуекел Мүслім, Жанар Дұғалова, Дәстен Шәкіров сомдап шықты.

Айжан - 2015 жылы НТК арнасы көрермендерге тағатсыздана күткен 20 сериалдан тұратын «Айжан» мелодрамасын ұсынды. Айжан тәрбиелі, қарапайым, сіңілісіне үлгі болар әпке. Ауылдың аңғал қызы алып шаһар Алматыда педагог мамандығы бойынша білім алушы. Ол үлкен қаланың тыныс-тіршілігіне дайын болмап еді. Алайда Айжан қандай қиындықтар болсын сол адами қалпын жоғалтпады. Өжеттілігі, шыдамдылығы арқасында тағдырдың қиындықтарына төтеп берді. Хикаяның режиссері Айгүл Аксамбиева өмірдегі бар оқиғаны шынайы жеткізе білді. Айжанның рөлін актриса Гүлбахрам Байбосынова сомдайды. Аталмыш сериал өмірдің ақ пен қарасына әрбір нәзік жанды шыдай біліп, мойымастан жігерлік таныта білуі қажет және әркімнің де қолынан келетіндігі бейнелейді. Қазіргі таңда Айжан секілді басынан түрлі сынақ көріп жабығып, жабырқап жататын жандар қаншама... Осы телехикая сынақтарға сабыр танытып жеңілмей алға жылжу керек екендігін көпке сабақ етеді. Басты рөлдерде ойнаған: Дастан Оразбеков, Олжас Ибраев, Қазына Әбдіғапар, Жазира Еркін, Абылайхан Касимов, Әсел Қалиева, Азиз Бейшеналиев сынды майталмандар.

Бәсеке – Кезекті көпшілік асыға күткен 2015 жылы Хабар арнасының тапсырысымен «Бәсеке» телесериалы көрермендер назарына ұсынылды. Сериалдың режиссеры Ақылбек Досжанов. Кейіпкеріміздің рөлін сомдаған актёр Бақыт Тушаевтың айтуы бойынша «Бұл фильм жақсы, сәтті, халыққа ой салатын, көңіл-күй сылайтын керемет туынды» - дейді[1]. Басты кейіпкерлер бай-ауқатты екі дос бірақ олар қалай осындай қарапайым күйге түседі? Оқиға олардың бала кезінен бастап бірігіп ауадан ақша жасағандарын, әр кәсіпті бірлесіп көтереді. Алайда олар қанша ренжіссе де істерін бірігіп істей беретін. Күтпеген жерден ортасына үшінші адам пайда болып оларды тақырға отырғызбақшы болады. Араларында бәсекелестік туады екі дос кәсіпті басынан бастауы керек бірақ қаладан емес сонау шалғай ауылда. 16 сериядан тұратын бұл туындыда басты рөлдерді Олжас Абай және Бақыт Тушаев сомдайды. Бас сценарист танымал «Қызық times» жобасының жүргізушісі және авторы Марат Оралғазин. Идеяның авторы бұл кермет, қызыққа толы телехикая арқылы көпшілігімізге ешбір ақшасыз, кез-келген жерден ақша тауып кәсіп жасауды, өмірдегі басты байлық ақша емес достық адамгершілік екендігін көрсетеді.

Патруль – НТК арнасы халыққа жақын туындылар шығаруын тоқтатпайды. «Патруль» комедиясы көпшілік ілтипатына ие болды. Телехикая 2015 те жарық көрді. Қиындыққа толы полиция қызметкерлерінің жұмысы әзілмен әдемі жеткізе білінді. Басты рөлдегі кейіпкерлер Берік пен Серік шағын аудандарда патруль полициясы болып қызмет атқарады. Жұмыстың қызығына енген олар тіпті түскі асты уақытылы ішуді де ұмытты. Фильм режиссеры Анвар Матжанов ал басты рөлдерде Мейіржан Туребаев, Рүстем Омаров, Еділ Анарбаев, Мейірхан Шерниязов, Медет Аманбаев, Әділжан Шомболов. Идея авторы фильм арқылы қазіргі таңда әлеуметтік желі жұлдыздарына айналып, көпшілік тарапынан ауыр сөздер естіп, ақ пен қарасы бар өмірде біздің тыныштығымыз үшін ұйқыларын қиып қылмыспен күрескен патруль қызметінің еңбегін бағалай білуіміз үшін ой тастады.

Бастық боламын – Ерлан Қасымжанұлы режиссерлық еткен комедиялық сериал кең көлемде көрермендерін жинап үлгерді. «Бастық боламын» хикаясы қалада мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығы бойынша білім алған Арман Алматыдан қызметтік ауысу алып, Бүлдірген ауылына барып қызмет етуге көнеді. Ауылдың әкімі сол жердің тумасы 20 жыл басқарып келеді. Оған қалалық жас маман көмекші болып келеді. Алайда оған ауылдың тыныш және байыпты тыныс-тіршілігіне тура келеді, оны бұл жерде әкім мен ауыл тұрғындары арасында, жастарымен түрлі оқиғалар мен қызықтар күтіп тұрған еді... Фильм 2016 жылы 7 ші аранадан көрермендерге жол тартты. Басты рөлдерде «Шаншар», «Нысана» театрларының актерлары сомдайды айта кетсек Уәлибек Әбдрайымов, Жүсіп Ақшора, Нұрбол Айтулов, Бауыржан Орда және т.б. Бұл сериал арқылы идея авторы қазіргі таңда ауылдан қашып, туған жерінен алыстап сан соғып жүрген кей жастарға ой салып, ауылында өз халқы үшін адал қызмет етуге тәрбиелеу.

Қыз жолы – Режиссёр Асқар Бейсембин ұсынған Қыз жолы сериалы 2016 дағы ерекше есте қаларлық туындылардың бірі. Фильмде басты рөлдерді сомдаған Айнұр Бабаева, Бану Манкеева, бану Кажнабиева, Махамбет Мырза, Еркебұлан Дайыров және т.б сынды танымал актерлер. Телехикаяның желісі шынайы өмірден алынған. Басты кейіпкерлер әрқайсысы өз жолдарын таңдап, бастарынан өтер қиындықтарды, мәселелерді өздері шешіп үйренулері тиіс. Үш әпкелі-сіңлілі. Үлкені дәрігер-гениколог, ортаншысы – үй шаруасында, ал кенжесі өз бақытын іздеген студент. Дәл осы сериалдағы оқиғалар әркімнің де басынан өтуі мүмкін. Қыздарға тәрбиелік мәні зор бұл фильмнің берері мол. Қоғамда жас қыздардың біршамасы еліктегіш, ұлттық менталитетті ұмытқан. Қазақ қыздары қашан да сабырлы, ақылды, ұялшақ, қылықты, қос бұрымдарын жіберген еді. Кез-келген мәселеде жол тауып, Алла адам баласына көтере алмайтын сынақтар бермейтінін ұмытпағаны жөн. Сериал арқылы қаракөздеріміз өздеріне сабақ алса, өмірдің қуанышы мен қайғысына төзе білсе деген мақсатта шығарылды.

Аяулы арман – көпсериялды бұл фильм жетімдер үйінен шыққан жігіттер жайлы. Олар өмір атты арнада көптеген сүрінулер мен қиындықтар көреді, бірақ адами қалыптан таймастан, қиыншылықтармен күресіп, аяққа тұрмақшы болғанда жолдарында кедергілер, жетімдерге адамдардың басқа көзбен қарап кеміте сынауы және тағы да басқа тағдыр талқылысында өмір сүреді. 2016 жылы жарық көрген фильмнің режиссёрлары Анна Дранникова, Қамбар Есмұханов. Ал кейіпкерлерді сомдаған Қуаныш Керімқұлов, Шәріп Серік, Ербол Семқұлов, Раушан Ермағамбетова, Әйгерім Айдар. Көзге жас ұялататын бұл туынды көпшілігімізге адамилықтарымызды дамытып, мейірім және махаббатты оятары анық. Қандай ортада тәрбие алса да адам санасы дұрыс болуы тиіс. Қамқоры, қорғаны жоқ жандарға сая болып, аталарымыздан қалған «Жетім көрсең жебей жүр» - деген құнды сөзді тек ауызда емес жүректе ұстауымызға сеп беру еді.

Қыз жолы – Режиссёр Асқар Бейсембин ұсынған Қыз жолы сериалы 2016 жылғы ерекше есте қаларлық туындылардың бірі. Фильмде басты рөлдерді сомдаған Айнұр Бабаева, Бану Манкеева, Бану Кажнабиева, Махамбет Мырза, Еркебұлан Дайыров және т.б сынды танымал актерлер. Телехикаяның желісі шынайы өмірден алынған. Басты кейіпкерлер әрқайсысы өз жолдарын таңдап, бастарында болар қиындықтарды, мәселелерді өздері шешулері тиіс. Үш әпкелі-сіңлілер. Үлкені дәрігер-гениколог, ортаншысы – үй шаруасында, ал кенжесі өз бақытын іздеген студент. Дәл осы сериалдағы оқиғалар әркімнің де басынан өтуі мүмкін. Қыздарға тәрбиелік мәні зор бұл фильмнің берері мол. Қоғамда жас қыздардың біршамасы еліктегіш, ұлттық менталитетті ұмытқан. Қазақ қыздары қашан да сабырлы, ақылды, ұялшақ, қылықты, қос бұрымдарын жіберген еді. Кез-келген мәселеде жол тауып, Алла адам баласына көтере алмайтын сынақтар бермейтінін ұмытпағаны жөн. Сериал арқылы қаракөздеріміз өздеріне сабақ алса, өмірдің қуанышы мен қайғысына төзе білсе деген мақсатта шығарылды.

Қазақ Аруы – Баян Мақсатқызы продюсерлік ететін «Esentai» продакшн 2017 жылы «Қазақ Аруы» байқауы жайлы телехикая ұсынды. Фильм желісі қарапайым қазақ қызы өмірдегі үлкен жолға қадам басар кезде ата-анасынан айырылып, бастан қиындық кешіреді. Ол осы оқиғадан соң өмірін түбегейлі өзгертпекші болады. Өз-өзін қолына алып сән конкурсына қатысуға ұсыныс тастайды. Көрермендерді қызыққа толы конкурстың қыры мен сырлары, сатқындық пен көреалмаушылық атаулы өмір құбылыстарының кедергілерімен күрес және түрлі эмоцияларлар баурап алады. Идея авторларының мақсаты, пенде қандай құздан құласа да адам қалпынан таймай, қиындыққа мойымай алға мақсат қоя біліп, соған қол жеткізу керек деген ой түйуге болады. Бұл туындының режиссері Ернар Нұрғалиев. Басты рөлдерде: жас актриса Гүлзада Тұрлаш және Тәуекел Мүсілім, Кеш Ю тобының экс-солисті Жұлдыз Өмірғали, Кәмшат Жолдыбаева және т.б.

Қазақ елі – 2017 жылдың басты жаңалығы, көпшілік тағатсыздана күткен Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырысы бойынша «Қазақ елі» телесериалы 31 арнадан көрсетілді. Жады мығым халқымыз өзінің тарихи шежіресін ауыздан-ауызға тараған аңыз әңгіме арқылы, тасқа қашалған таңба арқылы ұрпағына жеткізіп отырғаны аян. Бүгінде әлем елдері ата-баба тарихын кейінгі толқындары экран арқылы бейнелік тұрғыда танытуға көшті. Біздің бұл үрдістен едәуір кеш қалып қойғанымыз белгілі. Соның салдарынан халық өз тарихымыздан гөрі кәріс, түрік, моңғол елдерінің хандық шежіресін жақсы біледі. Осы олқылықтың орнын толтыру үшін «Қазақфильм» киностудиясы тарихи сериал түсіруді қолға алды. Фильмнің режиссері Рүстем Әбдіраштың айтуы бойынша « Қазақ хандығы жобасы басталмай тұрғанда түсімде алтын-күміс жалатылған қобыз көріппін, ішінде алтын-күміс секілді асыл тастар бар. Сағат механизмімен жұмыс істейді екен деймін, қытыр-қытыр етіп кері айнала бастады. Бұл не түс деп ойлап ем, уақыт өте келе жауапты жобаның алдындағы аян екенін білдім» - дейді[3]. Жәнібек пен Керей рөлдеріне халық ықыласына ие болған Еркебұлан Дайыров, Қайрат Кемалов сынды үздік актерлар сомдады. Сериалдың идеясы арқылы біз тарихы тұңғиықта жатқан хандықтың қалай құрылғаны жайлы, қандай қиындықтары болғаны жайлы кереметтей, нағыз патриоттық әсер алдық десем артық айтпаспын.

Қазақ кино тарихы тәуелсіздік алғалы барша жұртты орысша, қазақша отандық өнімдермен қуантуда. Әсіресе соңғы үш жылдықта шетел сериалдарынан ешбір қалыспайтын осындай керемет дүниелер ұсынып келеді. Режиссерларымыздың, актерларымыздың да шеберлік деңгейлері жақсы нәтиже көрсетуде. Телехикаяның сапалы шығуының бастау бұлағы ол сценарий. Сценаристтеріміз шетел асып тәжірибе шыңдап, елімізге келіп білімінің жемісін көрсетуде. Бұл да болсын еліміздің тәуелсіздігінің арқасы. Отандық кино саласы әлемдік деңгейде көрсетілетін сериалдар шығаруға мақсат қойғаны айдан анық. Қазақ елі жобасының бас продюсері Арман Асенов «Қазақ елі» сериалы көрсетілер алдында белгілі портал abai.kz-ке берген сұхбатында: «-Білесіз бе? Бізге көптеген шетелдік телеарналар хабарласып жатыр. Мысалы, берісі Ресей мен Украина біздің сериалды сатып алуға ұсыныс жасап үлгерді. Мәселенки, қазір ОРТ арнасымен келіссөздер жүргізілуде. Арысы Батыстың телеарналары хабарласып, сериалдың қашан дайын болатынын сұрап отыр. «NBC» бастаған Батыс елдері арналары көптеп хабарласуда. «Әл жазира» арнасы да біздің сериалды сатып алуға келісті. Себебі, Батыс прокатындағы сериалдардың көпшілігі компьютерлік графикамен түсіріледі. Ал бізде шынайы кейіпкерлер, шынайы табиғат аясы. Жасыл фонды қолданбадық. Сондықтан «Қазақ елі» сериалының сапасы да, әсері де ерекше болмақ» - дейді[4]. Соңында айта кетеріміз өзге ұлт сериалдары арқылы өз ұлттық құндылықтарымызға нұқсан келтіріп, санамызды улап, қоғамдағы кей жайттарға көз жұма қарамуымыз үшін отандық телесериалдарымыз сол олқылықтың болмауына ат салысу үстінде. Еліміздің кино саласы сапалы, қуантарлық құнды дүниелермен қуантудан шаршатпасын деген ізгі ниеттеміз.

Қолданылған материалдар:

  1. inform.kz
  2. baistars.kz
  3. qazaqadebieti.kz
  4. abai.kz
Сізге қызық болуы мүмкін:
Кино – бұл өмірдің көзі
Кино Кино – бұл өмірдің көзі
02.11.2017
#студентСөзі