Мақала
Көзімнің қарасында Шымкенттік жас режиссерлердің фильмдері көрсетілді
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің "Педагогика және мәдениет" факультетінің "Өнер" кафедрасының студенттерінің фильмдерінің көрсетілімі өтті.
Бөлім: Көзімнің қарасы
Датасы: 01.11.2017
Авторы: Шыңғыс Маман
Мақала
Көзімнің қарасында Шымкенттік жас режиссерлердің фильмдері көрсетілді
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің "Педагогика және мәдениет" факультетінің "Өнер" кафедрасының студенттерінің фильмдерінің көрсетілімі өтті.
Бөлім: Көзімнің қарасы
Датасы: 01.11.2017
Авторы: Шыңғыс Маман
Көзімнің қарасында Шымкенттік жас режиссерлердің фильмдері көрсетілді

Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында «Көзімнің қарасы» мәдени-танымдық клубының ұйымдастыруымен М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің «Педагогика және мәдениет» факультеті «Өнер» кафедрасының студенттік фильмдерінің көрсетілімі болды. Көрсетілімде Қазыбек Убайдиннің «Мұзды уақыт», Ерік Кедельбаевтың «Мейірімді құбыжық», Марғұлан Еркіннің «Түйсік» фильмдері көрсетілді.

Көрсетілім барысында Шымкенттік жас режиссерлердің фильмдерінде ерекше көзқарастың бар екені байқалады. Оқиғаның баяндалуы, кейіпкерлер образында, операторлық жұмысы мен монтаждау тәсілдерінде терең ізденістердің толып жатқаны қуантады. Үш фильмнің де режиссерлері «театр режиссері» мамандығында оқитын студенттер.

Қазыбек Убайдиннің «Мұзды уақыт» фильмінде әр түрлі жастағы кейіпкерлер бір бөлмеде отырып өздерінің өмірлерінде істеген қателіктерін өкінішпен баяндайды. Фильмнің тақырыбында айтылып тұрғандай, қәзіргі қоғам адамдарының жүректерінің мұзға айналғанын айтады. Фильм формасы киноға қарағанда театрға жақын. Кейіпкерлердің диалогтарында театр қойылымының элементтері анық көрінеді.

Батыстық фильмдердегі құбыжыққа айналып кететін кейіпкерлерді Ерік Кедельбаев қазақи ортаға сәтті әкелген. «Мейірімді құбыжық»
фильмінде кішкентай баланың құбыжыққа айналып, жақын адамдарының одан теріс айналуы көрсетілген. Ерік Кедельбаевтың тақырып тұрғысынан ізденістері, көрерменді қаншалықты баурап алғаны, фильмнен кейінгі соғылған шапалақтан анық байқалды. Фильм суреттен бұрын кадр сыртынан баяндау арқылы жасалған. Көрермендерге қозғалған тақырыбының тереңдігі тұрғысынан ұнағаны анық.

 

Марғұлан Еркін

 

Көрсетілімге «Түйсік» фильмінің режиссері, «театр режиссері» мамандығының II курс студенті Марғұлан Еркін арнайы келді. «Түйсік» фильмі анасынан айырылған жігіттің жындыханадағы жай-күйін баяндайды. Фильмдегі техникалық-визуальдық әдістер ұтымды пайдаланылған. Көрсетілімге келген қонақтар Марғұланға туындаған сұрақтарын қойып, пікір алмасты. Марғұланның фильмі «Самғау» кинофестивалінде «музыкалық шешім» номинациясын жеңіп алған.

 

Ержан Жұмабеков, кинотанушы

 

Көрсетілімді кинотанушы Ержан Жұмабеков жүргізді. Ержан Жұмабеков: «облыстардағы жас режиссерлердің фильмдерін насихаттап, олармен тығыз қарым-қатынас орнатуымыз қажет» - дейді. Т.Жүргенов атындағы өнер академиясының «Кино тарихы мен теориясы» кафедрасының аға оқытушысы, PhD, кинотанушы Алма Айдарова көрсетілімге арнайы келіп, Шымкенттік режиссерлерге ізденістері үшін алғысын білдіріп, театр режиссурасынан шыққан кино әлемінде ізі бар режиссерлер туралы айта кетті. Марғұлан Еркінге кино теориясына байланысты да ізденістерді жалғастыруға ұсыныс жасады.

 

Алма Айдарова, кинотанушы, PhD, Т.Жүргенов атындағы өнер академиясының аға оқытушысы

 

Көрсетілімге қатысқан барша қонақтар жас ізденімпаз режиссерлерге сәттілік тілеп, арнайы топтық суретке түсіп тарасты.

 

    

Сізге қызық болуы мүмкін: