Мақала / #студентСөзі
Жас суретшінің атамекенде ашылған көрмесі
Бөлім: Бейнелеу өнері
Датасы: 11.12.2017
Авторы: Гүлнұр Алмасбекқызы
Мақала
Жас суретшінің атамекенде ашылған көрмесі
Бөлім: Бейнелеу өнері
Датасы: 11.12.2017
Авторы: Гүлнұр Алмасбекқызы
Жас суретшінің атамекенде ашылған көрмесі

Шалғайда өмір сүріп жатқан қандас бауырлар бүгінде өз өнерімен еліміздің мәдениетіне үлесін қосуда. Сондай азаматтар қатарында Қабыл Аян да бар. Туған өлкенің биік тауларына қарап өскен, мөлдір суымен сусындаған қазақ баласы бұл күнде атамекеніне оралып оқуын жалғастыруда. Қазақтың көркем даласын, көрікті жерде сұлулықты суреттейтін суретші болсам деген арманның жетегінде, суретші болуға өзінше еңбек етуде.

Қабыл Аянның шығармашылық жолы 2009-2012 жылдар аралығында «Циньдзянь көркемөнер» институтының колледжінде білім алудан басталады. Ол колледжде Чен атты мұғалімнің шеберханасында дәріс алады. Сол кезден бастап түрлі жарыстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болады. Жақында өзінің «Алғашқы қадам» атты жеке көрмесін Т.Қ.Жүргенов атындағы Өнер академиясында өткізді. Көрменің ашылу салтанатына өнер академиясының ұстаздары мен студенттері, жас суретшінің дос жарандары қатысып қолдау көрсетті. Көрменің салтанатты лентасын Қ.Сәтпаев университетінің профессоры Тұрсынова Гүлбаршын Тұрсынқызымен, КСРО халық суретшісі, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, профессор Жұмақан Қайранбаев қыйып Аянға ақ батасын берді. Сонымен қатар ҚР еңбек сіңірген қайраткері, ҚР СО мүшесі, ҚР көркем академиясының академигі, профессор Т.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА «Кескіндеме, мүсін және дизайн» факультетінің деканы Байділда Бауыржан Нұрбекұлы да жас суретшіні алғашқы қадамымен құттықтап сөз сөйледі.

Қабыл Аян Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясына 2016 жылы оқуға түседі. Аянның картинасының басым бөлігі этюдтер мен, пейзаж, портрет, жанрларында салынған шығармалар. Ол портрет салғанда адамның ішкі жан дүниесін, мінез құлқын бейнелеуге тырысады. Жалпы айтқанда өзінің өнер жолындағы бағыт бағдарын айқындауға тырысқанын көре аламыз. Аянның көркем туындыларының ішінде өзіме ұнағаны – «Анамның арманы» атты 2016 жылғы майлы бояумен жазылған картинасы. Онда ананың бейнесімен ісімер қолынан шыққан, келісті ою-өрнекпен кестеленген, әдемі төсеніш орындары, кілемдері бейнеленген. Ананың көз жанарынан шексіз мейірімділік пен тұңғиық бір ойды байқауға болады. Сонымен қатар бұл образдан жылылық пен жұмсақтықты анық көре аламыз. Суреттегі ашық реңді бояулар оған әсерлі үйлесімділік беріп, картинаның мәнін арттыра түсіп тұрғандай. Бүгінгі таңда бұл шығарма Астана қаласындағы Тәуелсіздік сарайының төрінен орын алған.

Әзірге Аянның 500-ге жуық картиналары бар. Бүгін де ол «Кескіндеме, мүсін және дизайн» кафедрасының доценті Әшім Хасеновтен сабақ алып, білімін жалғастырып жатыр. Ол түрлі жарысарға белсенді қатысуда. Солардың ішінде – «Циньдзянь автономдық жастар фестивальінде» жүлделі 2 шы орынға ие болады . Ғылыми таным және ізденіс атты 2-ші Халықаралық студенттер мен жас ғалымдардың ғылыми конференциясының «Табиғаттың тылсым сырлары» атты секциясында 2 орынға ие. болады. Сөз соңында жас суретшінің еліне арналар жарқын шығармалары әзірге болашақтың еншісінде дегім келеді.

Сізге қызық болуы мүмкін: