Мақала / #студентСөзі
Қазақ киносындағы субмәдениет
Неліктен мені мұндай тақырып ойландырады? Осы тақырыпқа келуіме нендей оқиға итермеледі? Оның себебі бүгінгі күндегі қатарластарымның өмір сүру жүйесін күрт өзгерткен қазіргі қазақ киносындағы субмәдениеттің авангарды болған бойз-бэндтер 91 тобының кино картинасы
Бөлім: Кино
Датасы: 21.11.2017
Авторы: Айқын Әкімхан
Мақала
Қазақ киносындағы субмәдениет
Неліктен мені мұндай тақырып ойландырады? Осы тақырыпқа келуіме нендей оқиға итермеледі? Оның себебі бүгінгі күндегі қатарластарымның өмір сүру жүйесін күрт өзгерткен қазіргі қазақ киносындағы субмәдениеттің авангарды болған бойз-бэндтер 91 тобының кино картинасы
Бөлім: Кино
Датасы: 21.11.2017
Авторы: Айқын Әкімхан
Қазақ киносындағы субмәдениет

Бұл тақырып қозғалғанда әлеуметтану мәселесі еріксіз орнынан тұруына тура келеді.Демек, әңгімемнің әлқисасы өзге арналармен жарысы жағаласа ағады деген сөз. Мақаламның мақсаты өз дәстүрлі мәдениетімді даттап, кеше қосылған субмәдениетті жақтап опа табу емес. Тек ХХІ ғасыр жастары яғни біздерді қанша жерден жан-жақты сауаты мол, көзі ашық ұрпақ дегенімен бәрімізге ортақ кеселді кемшілік-қандай қоғамда өмір сүріп, нендей мәдениетті тұтынып жүргенімізден бейхабарлығымыз толғандырады. Элита теориасының негізін салушы итальян әлеуметтанушысы В.Парето «бір билік жүйесі ауысқанда элита да ауысады, белсенді ұйымдасқан азшылық топ, өзінің құндылықтарына сәйкес көпшіліктің бағыт-бағдарын икемдейді» деген екен. Демек, Ресейдің боданынан босаған тәуелсіз Қазақстанға жаңашылдық есігімізді қақса оған қырың қараудың қажетті жоқ. Керісінше керегін алып керек емесін дабыра қылмай арқасынан қағып шығарып салған жөн егер қолымыздан келсе. Жастар қанша өзгеше қасиеттерге ие болмасын, ол таптан тысқары өмір сүре алмайтын әлеуметтік топ. Сондықтан да жастар мәселесі барша қоғамға қозғау салатын кең көлемді әлеуметтік проблемалардан да күрделі болып табылады. Субмәдениет (латын-астында, төменде) екі түрлі не бірнеше мағынада қолданылады. Ең алғаш 1950 жылдары пайда болған бұл ұғымды тереңірек зерттеп білген британ социологы Дик Хебдидждың еңбегін қортатын болсам оның ойынша субмәдениет «стандартты мәдениеттен қажыған идеясы бір адамдардың шеңберден шығуы». Жаңадан белең алған субмәдениет ХХ ғасырдың 80-ші жылдарында әдебиетке енгенімен, термин ретінде 30-шы жылдары айналымға кіріп қойған көрінеді. Кейінен материалдар жиналып, теориялық жағынан терең зерттеліп толықтырылады. Қазіргі уақытта субмәдениет өз алдына тәуелсіз мәдениетке айналды. Ғалымдардың көзқарасы өзгерді, ерекше мәдениет екендігіне көнді не қабылдады. Менің жеке көз қарасым бойынша әлеуметтанушылар зерттеушілік жолын осы бойынша көзқарасын іс жүзінде іске асырып, жазуға бел буған секілді. Оған дәлел ретінде Л.И.Левиковтың еңбектерін айтуға болады.

Қазақ киносындағы субмәдениет. Неліктен мені мұндай тақырып ойландырады? Осы тақырыпқа келуіме нендей оқиға итермеледі? Оның себебі бүгінгі күндегі қатарластарымның өмір сүру режимінің күрт өзгерткен қазіргі қазақ киносындағы субмәдениеттің авангарды болған бойз-бэндтер 91 тобының кино картинасы. Біз өзі байыбына бармай жатып шешім қабылдауға шебер халықпыз. Шыға салысымен бұл топты жерден алып жерге салдық,ойымызға келгенді еш іркілместен жайып салдық. Продюсер Ерболат Беделхан құрған «Ninety one» бойз-бэнді жыл бойы жаңалықтардан түскен жоқ. Сансыз жанкүйерлер, бір жағынан ұлтшылдар тарапынан көрсетілген қарсылықтар, «топ мүшелері қазақ халқына жат қылықтарды насихаттады» деген айып тағылғаны үшін туындаған келеңсіздіктер «тоқсан бірлерді» тек поп-музыкант емес, әлеуметтік құбылысқа айналдырып жіберді. Жақында ғана жарыққа шыққан Асқар Ұзабаевтың «Ninety One» картинасы көрермендерді екі тарапқа бөлетіні анық. Картина былтырғы жылы өз шығармашылық жолын бастаған топтың халық наразылығына, саясат пен шоу-бизнестің кейбір өкілдеріне қалай қарсы тұрғандығын баяндайды. Жалпы, туындыда жан-жақтылық көп. Фильмге келген көрермендер тек музыкалық киноны ғана (фильмнің алғашқы жартысында музыка жоқ деуге де болады) тамашалап қоймай, Ұзабаев пен фильмде өзін сомдаған продюсер Есболат Беделханның саяси манифестін көре алады. Отандық шоу-бизнесте Ерболат Беделхан әу бастан-ақ («Орда» тобының мүшесі болған кезде) ерекше көзге түскен болатын. Көпшілігі тарихи отанына оралған оралмандардың музыка әлеміне той әуендерінен өзге бағытты ендіретінін күтпеген еді. Ағайынды Беделхандар және «Орда» тобының мүшелері өз шығармашылық жолдарын әлемдік поп-музыкаға сүйене отырып, қалыптастырды, ал Ninety One олардың ізбасарлары секілді. Дегенмен, олар тәуелсіздік идеясын ұстана отырып, отандық сахнаға жат имиджді алып шықты да, халық наразылығына тап болды. Асқар Ұзабаевқа келер болсақ, ол кинодағы шығармашылық жолын Баян Есентаеваға арналған фильмдер мен хикаяларды қоюдан бастады. Осылайша, үлкенді-кішілі экранға КешYOU тобының бірнеше әншісін (оның ішінде Мөлдір Әуелбекова, Жанар Дұғалова, Ақбота Нұр және т.б.) алып шығып, қыздарға басты рөлді ұсынған еді. Олардың құрған 567 студиясы отандық кинематографтың феноменіне айналды. «Жұлдызға арналған коктейль» картинасы шыққаннан кейін баспасөз өкілдері тележүргізуші мен басты рөлді сомдаған әншімен бірге тәжірибесіз КТК әзілкешінің түсірген таспасының қалайша хитке айналғанын түсінбей дал болды. Осылай шығармашылық жолын енді ғана бастап келе жатқан бойз-бэнд туралы арандатушылық әрекеттер шығып кетті. Олардың отандық музыкалық әлемде ұзақ болатыны-болмайтыны белгісіз. Стилистика жағынан картина Ninety one тобының көшірген J-pop пен K-pop (жанкүйерлер топты Q-pop-тың алғашқы өкілдері деп атап қойған) музыкасының стиліне және Ұзабаевтың халық әзіліне құрылған басқа картиналарына мүлдем ұқсамайды. Картина операторы Азамат Дулатов пен қоюшы-суретші Алия Одинаева Ұзабаевтың ұсынуы арқылы күнделікті күйбеңнің сұр әлемін көрсетеді, сол тұңғиықтан үлкен сахнаны армандаған жарқыраған бес жігіт шығуға тырысып бағады. Негізгі мағынасы түсінікті ғой, бірақ экран арқылы шым-шытырық күйде көрсетілген. Бар жағдайдан хабары жоқ көрерменге айтарымыз, фильмдегі басты кейіпкерлердің өмірдегі жігіттерден еш айырмашылығы жоқ. Кейіпкерлерге мінез жетіспейді. Факт бойынша, оларға топтың өмірбаянын жатқа білетін жанкүйерлердің ғана жаны ашиды. Сондықтан, фильмнің кең аудиторияға емес, «Иглз» («91» тобының жанкүйерлері өздерін осылай атайды) деп аталатын көрерменге арналғанын түсіну үшін маман болуымыз шарт емес. Картинада айтарлықтай желілік сюжет жоқ. Бұл деректі киноға татитын көркемдік оқиғалар тізімі іспетті. Осы факт картинаны қабылдауға қиындық тудыруы мүмкін. Дегенмен, көпшілікке арналған заманауи киноға нарратив қажет секілді. Қорытындысында, суретшілер мен операторлардың тамаша жұмысымен, сапалы музыкамен әрі бірегей жанрмен көркемделген ескішіл топқа бағытталған саяси манифестті көреміз. «Иглз» үшін бұл жеткілікті ме? Мүмкін. Ал басқа көрермен үшін ше? Бұл даулы мәселе.

«Өмірде екі адам болады,бірі орнынан қозғалғысы келмей сол қалпында қалғанды қалайды, ал екінші адам алға ұмтылады» дейді көшпенділер даласына жаңа толқын тудырған, сайын дала шекарасына субмәдениетті батылдықпен кіргізген Е.Беделхан ағамыз. Сол алға ұмтылысының арқасында бір жылдың ішінде қазақ шоу бизнесін мен қатар киноғада үлен өзгеріс әкелгенән мойындамасқа болмас «Қазақстан Республикасындағы мемлекттік жастар саясаты туралы 2014 жылғы 7 шілдедегі 581 тұжырымдамасы» бойынша, жастар дегеніміз – Қазақстан Республикасының 14 жастан 29 жасқа дейінгі азаматтары. 2016 жылы жүргізілген санақ бойынша, 14-29 жас аралығындағы жастар саны - 6 044 660. Демек еліміздің үштен бір бөлігі осы субмәдениетті тұтынып жүр дегенді меңзейді. Бұны азырқансаңыз таяуда «Қағаз кеме» телесериялы өз көрермендеріне жол тартты. Ал бұл туындының көрсеткіш деңгейі алдыңғысынан да жоғары. Сонымен, Қазақстанда және әлемнің басқа да мемлекеттері мойындаған ұлттық киномызды жаңғыртып, әрі жаңа түрін жасау, кино маманын және елеулі фильмдерді шығарып, даярлау қазақ кинематографиясы үшін маңызды. Мұндай ауқымы кең тақырыпты жұлмалап берекесін кетірген асылында дұрыс емес-ті. Бірақ жұлмалауға сұранып тұрған тақырып. Алдағы уақытта көкжиегін кеңейтіп қайта ораламын.

Сізге қызық болуы мүмкін:
Кино – бұл өмірдің көзі
Кино Кино – бұл өмірдің көзі
02.11.2017
#студентСөзі