Мақала / #студентСөзі
Қазақ графикасындағы фолклор бейнелері
Бөлім: Бейнелеу өнері
Датасы: 20.01.2018
Авторы: Дина Нурпеис
Мақала
Қазақ графикасындағы фолклор бейнелері
Бөлім: Бейнелеу өнері
Датасы: 20.01.2018
Авторы: Дина Нурпеис
Қазақ графикасындағы фолклор бейнелері

Фолклор ағылшын тілінен аударғанда халық даналығы дегенді білдіреді. Оған халық музыкасын, биін, өлеңін, театрын, әдебиетін, қолөнерін, ырымдар мен ғұрыптарды, салт-дәстүр мен наным-сенімдерді жатқызамыз. Неміс ғалымы И.Ф.Кнафль анықтауы бойынша бұл атау халық даналығы деген ұғымды білдіреді. Осы пікірді (folk-халық, lore-білім, даналық) ағылшын ғалымы У.Дж.Томс 1846 жылы дамыта түсті. Фольклор жанры әдебиет пен бейнелеу өнерімен тығыз байланыста. Бейнелеу өнерінде кескіндеме, графика салаларында фольклор ұғымы өз орнын алады. Яғни, суретшілердің шығармашылығында кеңес үкіметі кезінде өзекті болып, ал тәуелсіздік жылдарында тарих пен әдебиетті қайта қарастырып, жаңаша мазмұнды ұсынды. Графикада кейіпкерлердің бейнелерін сызық, нүкте, штрих арқылы бейнелейді. Мысалы, кеңес үкіметі кезіндегі графика суретшілері Евгений Сидоркин, Исатай Исабаев, Мақұм Қисамединов, Ағымсалы Дүзелханов шығармашылықтарын жатқызса болады. Сондай-ақ кеңес кезеңінен бастап, қазіргі таңға дейін жұмыстарын жалғастырып отырған Ағымсалы Дүзелханов, Қадырбек Каметов, Ералы Оспанов, Фатима Тарази шығармашылығында байқауға болады. Олардың ізбасарлары жас ұрпақ - Азат Байжанов, Жанар Көшен, Мұқатай Тұрсынғазы сол сияқты суретшілер қазақ халқының салт-дәстүрін, ырымдар мен қазақ әдебиетінің кейіпкерлерін бейнелеген өз заманауи қазақ графикасындағы фольклорлық туындыларын көрерменге ұсынуда.

Евгений Сидоркин қазақ фольклорын қағаз бетіне түсірген графиктердің бірі. Оның «Аксакалдар»(1959), «Абай жолы»(1960), «Сәкен Сейфуллин»(1965), «Батырдың туылуы»(1972), «Алпамыс батыр»(1962), «Қобыланды батыр»(1962) және көптеген жұмыстарында фольклорлық бейнелерді суреттеген. Суретші «Қыз Жібек және теңіздің ар жағынан келген күйеулер» атты 1975 жылғы туындысын қазақ халқының ауыз әдебиетінде тараған «Қыз Жібек» эпосына негізделе отырып, автолитография техникасында, портреттік жанрда бейнелеген. Бұл туынды драматург Ғабит Мүсіреповтың «Қыз Жібек» драмасы сахнада қойылғаны көрерменге әр актрисаның Қыз Жібек образын өзіне сай сомдай отырып, елге бір мезетті бейнелеп, сахнадағы ойынымен есте қалу. Ал суретшілер шығармашылығында бейнеленген кейіпкерлер, халық аузында айтылып жүрген бейнені кенеп бетіне суреттеп, мәнгілікке көрерменге бейнесін көрсетіп, қалдыру. Сидоркин туындысындағы Қыз Жібек образы ортаңғы аяға салынса, жан- жағында бейнеленген күйеу жігіт үміткерлері қыздың сұлулығына тамсанып тұрғанын байқаймыз. Ал туындының үстіңгі жағында бейнеленген екі ер жігіт Қыз Жібек алдында бастарын иіп тұрғандай әсер қалдырады. Шығарма тасқа қашалғаны мен қағаз бетіне түсірілгенде нүкте арқылы бейнелене отырып, кейіпкерлердің бет- келбеті көлеңке мен жарық арқылы көрсетілген. Әр суретшінің туындыларындағы кейіпкерлері өздерінің қиялындағы образды шығару оңай емес, бірақ суретшілер қолтаңбалық ерекшелігін көрсетуге тырысады.

Сидоркиннің ізін жалғастырушы суретшілер өте көп. Ал, Қазақ графикасындағы фольклорға мән беретін, сол тақырыпқа арнайы тоқталып өтетін суретші - Фатима Тарази (Молдабаева). Оның «Жақыпбай ханның мінәжаты»(2013), «Чиирды»(2013), «Нан батыр»(1991), «Самұрық»(1991), «Ер Төстік»(1987), «Қара үйрек»(1987), «Жезтырнақ»(1988), т.б. туындылары жарыққа шыққан. Оның «Жезтырнақ» 1988 жылы салынған туындысындағы кейіпкерлер бейнесін айтатын болсақ, бұл шығармадағы кейіпкерлер көзқарасы бір-біріне бағытталған. Қазақ ертегілерінде, эпостарында, фольклорында бейнеленетін жезтырнақ бейнесі мифтік кейіпкер. Көбінесе әйел бейнесінде бейнеленген жезтырнақ аяқ пен қолдары ұзын тырнақтармен суреттелген. Ол жақсы кейіпкердің дұшпаны ретінде бейнелене отырып, халық батырларынан жеңіліп отырады. Туындыдағы Жезтырнақ бет-әлпеті ер адам кейпінде бейнеленген. Көременге арқасымен отырған кейіпкер, жезтырнақпен әңгімелесіп отырғандай. Жезтырнақ өзінің көзқарасын адамға бағыттай отырып, қолын басына қойып отырғанын, көзіне қараған бойда мұңды, қайғы мен ренішті байқаймыз. Фатима Тарази «Жезтырнақ» бейнесін ертегілерге сүйеніп отырғанымен өзінің нәзіктігімен Жезтырнақ бейнесін лаулап тұрған, сұрғылт түспен жарық түсіре отырып бейнелеген. Көрерменнің назарын осы бастапқы алдыңғы аядағы екі кейіпкерге аудара отырып, суретші артқы аясын қазақ халқының кең даласын суреттеген болатын.

Бұрыңғы заманда бір жерден, басқа аймаққа қоныс аударып отыратын, ата-бабаларымыздың көшпенді халық болғанын білеміз. Қазақ халқының көшпенді халық болғанын біз жас графиктердің бірі - Мұқатай Тұрсынғазы «Көш»(2007) шығармасынан көреміз. Ол қазақ халқының суретші-графиктердің ізін жалғастырушысы. Оның «Көш» атты 2007 жылы салынған туындысы литография техникасында, штрихтар мен нүктелермен бейнеленген. Ортаңғы нүктеміз түйеде жинақталып тұр, себебі кенеп бетіндегі оң жағында бейнеленген кейіпкерлердің көзқарасы түйелерге бағытталған. Ал туындының сол жағындағы жалғыз әйел бейнесі денесі мен беті елге бағытталғаны мен көзқарасы қолында ұстап тұрған сәбиіне мейірім мен махаббатпен қарап отырғанын көреміз. Қазақ халқының ерекшелігі кейіпкерлердің үстіне киген шапан, кимешек, сәукеле, ою-өрнектер мен түйенің өркешіне жиналған киіз үй(шаңырақ, уық)
анық бейнеленген. Суретші бұл туындыда қазақ халқының салт-дәстүрін, қол өнерін, наным-сенімдері мен символикасын біріктіріп отырғанын  байқаймыз.

Қорыта келгенде, біз әрбір суретшінің қазақ халқын кенеп бетіне  түсірер уақытында, әлбетте қазақ халқының фольклорына, яғни салт-дәстүріне, аңыз әңгімесіне, тарихына, қолжазбаларына назарларын аударып өтеді. Қазақ графикасының суретшілері өздерінің фольклор туындысындағы бейнелерді, кейіпкерлерді автолитография, литография, линогравюра, гравюра, офорт, ксилография техникалары арқылы бейнелеу. Біздің атақты Евгений Сидоркин, Исатай Исабаев, Мақұм Қисамединов, Амандос Ақанаев, Ағымсалы Дүзелханов, Фатима Тарази, Мұқатай Тұрсынғазы т.б. графика суретшілеріміз туындыларында фольклорды бейнелеген уақытта тек қана қазақ халқының тарихын, салт- дәстүрін, ырымдарын ғана емес өздерінің ішкі- жан дүниесін кейіпкерлердің эмоциялары арқылы образын аша түседі. Суретшілердің фольклор тақырыбында образды бейнелегені, әр адамның көз алдына өз кейіпкерлерін ұсынады. Келешекте драма, трагедия, комедия эпостарынан үзінділерін кейіпкерлердің бейнелерін көрерменнің көз алдына елестете алатын ол- суретші. Фольклор жас ұрпақты тәрбиелейтін,  мәңгілік ұрпақтан-ұрпаққа қалатын мұра. 

Сізге қызық болуы мүмкін:
Кино – бұл өмірдің көзі
Кино Кино – бұл өмірдің көзі
02.11.2017
#студентСөзі