Шараға ҚР мәдениет және спорт Министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, «Еуразия» ХКФ-нің Президенті Айман Мұсақожаева, отандық және әлемдік кинематографияның әйгілі өкілдері, зиялы қауым мен жастар қатысады.
Жабылу рәсімінде кинофестивальдің қорытындылары жасалып, «Еуразия» кинофестивалінің Гран-при иегері анықталады. Сондай-ақ кино өнерінің аңызға айналған тұлғаларының шығармашылығына да мән беріледі.
Шара соңында XIV Халықаралық кинофестивалінің Гран-при иегері – жеңімпаз фильмнің көрсетілімі болады.
***
«Еуразия» кинофестивалінің конкурстық бағдарламасын төрт құрамды қазылар алқасы анықтады: негізгі қазылар алқасы, қысқа метражды фильмдер бойынша қазылар алқасы және екі тәуелсіз қазылар алқасы, яғни FIPRESCI-дің қазылар алқасы (халықаралық кино сыншылар мен кинотанушылардың ұйымы) мен NETPAC (азиялық фильмдердің дамуына арналған байланыс орнатушы) –тің қазылар алқасы.
Жеңімапаздар мына номинациялар бойынша марапатталады:
«Ең үздік ер адам рөлі»
«Ең үздік әйел адам рөлі»
«Үздік режиссерлік жұмыс»
«Қазылар алқасының арнайы сыйлығы» және т.б.
XIV «Еуразия» ХКФ-нің салтанатты түрде жабылу рәсімінде БАҚ өкілдері пресс-қабырғада қазақ тілінде жеңімпаздар мен кинфестиваль қатысушыларынан сұхбат ала алады.
(Өзгерістер болуы мүмкін)