"Сенім жолында" деректі фильмінің тұсаукесері

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Қорында деректі кино режиссері Әсия Байғожинаның "Сенім жолында" деректі фильмінің тұсаукесері өтеді.
"Сенім жолында" деректі фильмінің тұсаукесері
2017 жылы 18 қазанда сағат 16:30-да Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Қорында Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің қолдауымен түсірілген "Сенім жолында" атты деректі фильмнің тұсаукесері өтеді. Фильмнің режиссері Әсия Байғожина.
Фильмде біздің қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі – дін жолындағы адасушылық туралы баяндалады. Негізгі эпизодта – Ақтөбедегі теракт, оған қатысушылар және қазір колонияда жазасын өтеуші экстремистер мен террористер. Бұл фильм дәстүрлі емес ислам ағымын ұстаушылардың жақындарының естеліктеріне негізделген.
Сізге қызық болуы мүмкін: