Карина Крылова
көрме жетекшісі
«Көктем нұрына» музейдің жиырма бір қызметкері қатысады. Үлкен шығармашылық музейлік отбасының бір-бір бөлшегі болатын әрбір қатысушының атқарып жатқан қызметі ауқымды да әр алуан. Реставраторлар, қор сақтаушылар, ғылыми қызметкерлер, экспозиция бөлімінің қызметкерлері, экскурсия жүргізушілер – бұлардың бәрі де өз ісінің шеберлері. Олар көрермендер назарына өздерінің көркемсуреттегі дарыны мен жасампаздық қабілетін ашатын 80-нен астам жұмыстарын ұсынуда.
Көрмеге түрдің сан алуандығы тән. Экспозициядан кескіндеме, графика, мүсін, сәндік-қолданбалы өнер туындылары орын алған. Сонымен қоса олардың орындалу техникасы, жұмыстың мазмұны мен сипаты да әр түрлі. Жаратылысқа деген сүйіспеншілік пен заттық және стильдік ізденістер көрініс тапқан натюрморт жанрына молы орын берілген. Кескіндеменің сюжеттік композициялары автордың романтикалық көңіл-күйінен туындаған. Графикалық жұмыстар мазмұнына қарай түрленеді – реалистік ізденістер стильдендірілген бейнелермен қатар тұр. Қондырлығы мүсін суретшілердің материалмен және көлеммен жұмыс істей білу шеберлегін көрсетеді. Сәндік-қолданбалы өнер бұйымдары техникалық тәсілдердің соншалықты көптігімен таңғалдырады, олар – аппликация, құрақ тігу, тоқыма, басу, кесте және т.б. Көктем лебі мен «музалар үйінің» атмосферасы және оның баға жатпес қазынасы жомарттықпен тарту еткен ерекше шабыт музей қызметкерлерінің жұмыстарын бір жерге шоғырландырған.
Көрмені музей қонақтары бір ай бойы тамашалай алады.