Мақала / #студентСөзі
Кинорежиссер Нұртас Адамбайдың фильмдеріндегі әлеуметтік мәселе
Заманауи қазақ киноөндірісінің сапасы жылдан-жылға жақсарып келеді. Бұл ретте соңғы жылдары көптеп пайда болған жекеменшік студиялардың атқарып жатқан рөлі ерекше. Солардың арасында сапалы жобаларымен көзге түсіп, халықтың көзайымына айналған студия – «Nurtas prodactioun»
Бөлім: Кино
Датасы: 24.11.2017
Авторы: Мақпал Бақыт
Мақала
Кинорежиссер Нұртас Адамбайдың фильмдеріндегі әлеуметтік мәселе
Заманауи қазақ киноөндірісінің сапасы жылдан-жылға жақсарып келеді. Бұл ретте соңғы жылдары көптеп пайда болған жекеменшік студиялардың атқарып жатқан рөлі ерекше. Солардың арасында сапалы жобаларымен көзге түсіп, халықтың көзайымына айналған студия – «Nurtas prodactioun»
Бөлім: Кино
Датасы: 24.11.2017
Авторы: Мақпал Бақыт
Кинорежиссер Нұртас Адамбайдың фильмдеріндегі әлеуметтік мәселе

Заманауи қазақ киноөндірісінің сапасы жылдан-жылға жақсарып келеді. Бұл ретте соңғы жылдары көптеп пайда болған жекеменшік студиялардың атқарып жатқан рөлі ерекше. Солардың арасында сапалы жобаларымен көзге түсіп, халықтың көзайымына айналған студия – «Nurtas production».

Нұртас Абайұлы Адамбаев (1981 жылы 14 желтоқсанда Жамбыл облысы, қазіргі Тараз қаласында дүниеге келген) – Қазақстанның танымал комедия актері, шоумен, режиссер, продюсер және сценаристі. Өз шығармашылық жолын Ресейдің КВН Жоғарғы лигасында «Астана.KZ» құрамында өнер көрсетуімен бастаған ол телевизиядағы «Қызық радиосы», «Наша KZаша» қатарлы скетчкомдары мен «Побег из аула», «KZландия» секілді бағдарламалардың негізін қалаушылардың бірі ретінде танымал.

«Саясаттану» мамандығы бойынша білім алған Адамбаев, оқу бітіре салысымен үлкен компанияда қызмет атқарып, көп ұзамай бөлім бастығы лауазымына ие болады. Алайда, жас дарынның бүйрегі өнер жағына бұрды да тұрды. «Келинка Сабина», «Келинка Сабина 2», «Побег из аула», «Тараз» секілді туындылары оның шешім қабылдаудан жаңылыспағанын аңғартады.

Нұртас Адамбайдың бастамасымен түсірілген фильмдер экранға жол тартпай тұрып талқыға салынып кететіні аян. Сценарий авторы да, фильмнің режиссері де, тіпті, әртісі де өзі болатын оның шығармаларынан «Ауыл мен қала» тақырыбын байқаймыз. Ауылдан қалаға қашқан Ерболы мен қаладан ауылға қашқан Сабинасы арпқылы ауыл мен қаланың қаншалықты бөлек əлемдер екенін көрсетуде. Көп уақытқа дейін Нұртасты ауылдан шыққандардың қабылдай алмауының сыры – Адамбаевтың қазақша сөйлей алмауында. Ал, қазақша сөйлей алмайтын адам қаншалықты қазақтың салт-дәстүрі, өлең-жыры, өнері, мәдениетнің алтын бесігі болып саналатын ауылды шынайы суреттей алады?..

«Келинка Сабинка» фильмі үшін бірталай сыни пікірлерге қалған Нұртас Адамбай заманауи қалалық бойжеткендердің бүгінгі келбетін көрерменді күлдіре отырып таспалай білді. Расымен, кейбір қалалық сымақ бойжеткендер де дәл Нұртас секілді сөйлейтінін қайтіп жасырамыз?! «Келинка Сабинка» көмедиясы позитивке толы тұстарымен әсерлі, әрі ерекше етіп түсірілген. Бірақ фильмдегі ауыл кейіпкерлерін көріп отырып, ауыл тұрғындары соншалық аңқау әрі түк көрмеген бе деген ойға тоқталасын. Әсте, олай емес! Бұл тұрғыда режиссер ойы шындыққа сәл жанаспайды. Қолынан іс келмейтін Сабина – бір дөкейдің ерке қызы, өзі қалада өскен, онымен қоса өз ана тілін білмейді. Мұндай қыздар қазіргі қоғамда бар екендігі рас. Фильмдегі Сабинаның өз махаббатын табуы, ауылға жақсы сіңісіп кетуі, халыққа сыйлаған позитивке толы кадрларын қызықсыз деп айта алмайсыз. Жалпы, көтерілген мәселе жақсы-ақ. Дегенмен, бұл туында қандайда бір мәселенің төңірген қозғау үшін, не мәселе көтеру үшін шығарылмаған. Тек халықты күлдіріп, рейтинг көтеру мақсатында, өзіне ұнаған ойы болғасын ғана түсірілген. Дегенмен, ауыл өмірі қаланың ақ саусақ, өз тілін білмейтін байдың қызының басынан өткен оқиғасы арқылы баяндалады. Сабинаның рөлін Нұртас Адамбайдың орнына әйел актриса ойнаса да «Келинка Сабинка» рейтингі көтерілмес еді. Тіпті, дәл сондай қызығушылық тудырмас та еді. «Келинка Сабинка» Қазақстандағы кинопрокатта ең танымал фильмдер қатарындағы үздік бестікке енген. Фильм бір аптаның ішінде 110 млн. теңге тауып үлгерген. Фильмнің бірінші бөліміне көңілдері толған жұрт көп ұзамай жалғасын көруге асықты. Фльмнің екінші бөлімінде де көтерілген сол мәселе. Тек, келіннің жаңа шаңырақтағы өмірі баяндалады. Дос табады, Жәнібек екеуінің махаббатының арасына сәл сызат түседі... Ауыл, ата-ене, шүлдірлеген шала қазақ, тағысын тағы... Өнер жолын әзіл-сықақтан бастаған Нұртастың фильмі позитивке толы.

Нұртас Адамбай қазақ киносына комедия жанрын ғана емес, өз кино қоржынына «Тараз» ильмі арқылы драма жанрын да қосты. Өзін мүлдем басқа қырынан көрсеткен бұл туынды режиссердің шығармашылығына деген қалыптасқан пікірді түбегейлі өзгертті. «Тараз» фильмін жасап шығару үшін ол образ бен кино реңкін тұтас басқа түске бояды. Комедиядан драмаға, оның ішінде әлеуметтік драмаға ауысқан Н.Адамбай «Таразда» төрт кейіпкердің ащы өмірін бейнеледі. Төрт тағдырды бір арнаға тоғыстырған фильм қалың көрерменнің біріне ұнаса, тағы біреулері қатты сынға алды. Жалпы, боевик тұрғысында жоспарланған бұл фильмнің көтерген мәселесі адамгершілікті қоспағанда жақсы адамдардың өмірінде бүгінгі күнде орын алмауы тиіс жайт болуы керек еді. Клубқа жиналу, адамды абайсызда өлтіріп алу... Кино осылай шиеленісіп бастайды. Осымен шытырман оқиғаға толы туындының тағдыры ауыр екендігін аңғару тіптен қиын емес. Әлеуметтік жағдай, отбасындағы тәрбие, ата-анамен арадағы алыстық, көше тәрбиесі, тағы да басқа жайттар киноның көтерген тақырыбы болып табылады. Киносыншы Әсия Бағдәулетқызы: «Экрандағы кедейлік әлеуметтік мәселе жасамайды. Жыртқы үй мен жылаған баланы көрсету мықты режиссердің қатарына қоспайды...», - деп өз ойын білдірді. Ашып айтқанда, «Тараздың» аурасы дәл бүгінгі күнге сәйкес емес. Бұл кинода шиеленіс бар да, шешім жоқ. Десек те, қазіргі қоғамның шынайы бір көрінісі ретінде ашық жеткізілген.

Қазіргі қазақ кино саласындағы Нұртас Адамбайдың алар орны ерек. Қалыптасқан стеоротиптерден алшақтап, өмірді басқа қырынан бейлелей білетін режиссердің негізгі туындылары әлі алда деп сенеміз.

Қолданылған материалдар:

  1. zhasorken.kz «Келинка Сабинка» неге мұңды? Ақ желкен. Әсия Бағдаулетқызы.
  2. Жұлдыздар отбасы. Нұртас Адамбаев шоумен:Біз қазақтарды
    ойлансын деп сынаймыз.
  3. wikipedia.org
Сізге қызық болуы мүмкін:
Кездейсоқтық құрған тор
Кино Кездейсоқтық құрған тор
22.04.2017
#студентСөзі