"Ең үздік әйел бейнесі" - қазақ актрисасында

Ресейде өткен В.И.Милосердов атындағы актерлердің жеке жобаларына арналған фестиваль-конкурста режиссер А.Салбан сахнағалан Ш.Айтматовтың "Ана мен ала" моноспектаклі "Үздік әйел бейнесі" және "Үздік спектакль" номинациясы бойынша жүлделі болды.
"Ең үздік әйел бейнесі" - қазақ актрисасында

В.И.Милосердов атындағы жеке актерлік жұмыстардың VIII фестиваль-конкурсы биыл халықаралық деңгейде өтті. Биылғы фестивальде Қазақстан бірінші рет қатысты. Сонымен қатар, Челябинск, Магнитогорск, Златоуст және Шадринск қалаларының әртістері өз жұмыстарын көрсетті. Қазақстандық шығармашылық ұжым халықаралық фестивальден екі бірдей марапатты қанжығалап, үздіктердің қатарынан табылды.

Фестиваль РФ Театр Қайраткерлері одағының Челябинск облыстық бөлімшесі жәнк Челябинск облысының Мәдениет министрлігі қолдауымен ұйымдастырылған. Оған төрелік еткен қазылар құрамында Людмила Федорова, Андрей Вагановтармен қатар Қазақстаннан профессор, өнертану ғылымдарының кандидаты, театр сыншысы Сәния Қабдиева да бар.

Талқылау кезінде сыншы: "Айдын Салбан еліміздегі ең үздік режиссерлердің бірі. Ол сахналық туындыны дүниеге әкелерде метафора, символикамен жақсы жұмыс жасайтынымен ерекшеленеді. Мәселен, режиссер осы спектакльдегі тігін машинасы арқылы соғыс заманының барлық атмосферасын бере алған. Ал, актрисаның энергетикасы залды жаулай алды. Оның типтік бейне жасаудағы актерлік шеберлігіне жоғары баға беремін. Әлиман мен Толғанайдың актерлік серіктестіктері өте жақсы жасалған. Актерлік жұмыс та, спектакль де менің көңілімнен шықты", - деп кәсіби пікірін білдірді.


Қазылар алқасының шешімі бойынша төмендегідей өнер иелері фестивальдің үздіктері деп анықталды:

  • "Маяковский поэзиясының үздік сахналық нұсқасы үшін" -  "Маяковский. Как живой с живыми говоря" спектаклі;
  • "Актерлік дебют үшін" - Татьяна Тихомирова "Держись за красное» моноспектаклі; "Шығармашылық ізденіс үшін" – Виктория Кривдина "Л" моноспектаклі;
  • "Актерлік бастама үшін" – Виктория Фролова "Человеческий голос" моноспектаклі;
  • "Үздік сахналық миниатюрасы үшін" сыйлығы – Елизавета Борок.  "Неживой" моноспектаклі;
  • "Үздік дуэт" сыйлығы - Виктор Нагдасев пен Надежда Нагдасева "В садах лицея" спектаклі;
  • "Ең үздік ер адам бейнесі" – Олег Барышев "За чертой" моноспектаклі;
  • "Үздік шығармашылық идея" сыйлығы - Александр Майер "Дуэль с императором" моноспектаклі;
  • "Ең үздік әйел бейнесі"  – Бақыт Жұмағұлова "Ана мен ала" моноспектаклі;
  • "Үздік актерлік ансамбль" – Геннадий Прокопьев, Денис Рылов, Юрий Рябухин, Анна Самутина "Метод" спектаклі;
  • "Ең үздік спектакль" – "Ана мен ала" спектаклі (реж. Айдын Салбан)
  • Фестивальдің Гран-приі - Елена Кононенко "Последний румянец" моноспектаклі.

ҚР мәдениет саласының үздігі, актриса Бақыт Жұмағұлова 1988 жылдан бері қазақ театрының сахнасында әртүрлі бейнелерді сомдап, көрермен көңілінен орын алып жүр. Күні кеше аталмыш фестивальде топ жарып, жаңа шығармашылық белесін бағындырды. Жас режиссер Айдын Салбан да өзінің режиссуралық тың ізденістерін республика көлеміне танытып жүрген талантты режиссерлердің бірі.

Сізге қызық болуы мүмкін: