«Осыдан он екі жыл бұрын мен республикалық конкурста екі домбырашыны сүйемелдедім. Біз Құрманғазының, Дәулеткерей мен Динаның шығармаларын тарттық. Содан бері қазақ әуені менің жанымды билеп алды. Екі жыл өткен соң мен «Қазақ рапсодиясын» жазып, Петр Чайковский қорының сыйлығын алдым. Мен енді қазақ музыкасына деген өзімнің бар ықыласымды білдіруге тырысқан альбомымды көрсетіп, таныстырғым келеді. Альбом Киев филармониясының солисі Герман Сафоновтың студиясында Steinway роялінде жазылды. Дала сазының рухын беру үшін рояльдан өзге жетіген, шаңқобыз, домбыра, қобыз, сыбызғы, прима-қобыз аспаптарының да үні қосылды. «Құсни-Қорлан» композициясы мен үшін аса ардақты, себебі, Батырхан Шүкенов оған арнап саксофон партиясын жазды. Альбом авторлық өңдеуден өткен он қазақ әні мен мен бес авторлық шығармадан тұрады. Осы музыка сіздердің жүректеріңіздің қылын шертіп, аз да болса бақытқа бөлейді деп үміттенемін» дейді Олег Переверзев.
Олег Переверзев – асқан шебер пианист, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының магистратурасы мен аспирантурасын бітірді. Ганновердегі (Германия) Жоғары музыка және театр мектебінде тәжірибе жинап, тәлім алып қайтты. Жақында ғана бірнеше ролигін жаздырып, Лос-Анджелестен келді. Халықаралық «Шабыт» фестивалінің, LG камералық музыка конкурсының, С. Танеев атындағы камералық ансамбльдер халықаралық конкурсының (Мәскеу, 2005), Қазақстан музыка мәдениетінің дамуына қосқан үлесі үшін «Ильхам» сыйлығының лауреаты; Лист атындағы бесінші халықаралық конкурстың (Веймар, 2006), Миссури штатындағы 12-халықаралық пианистер конкурсының (АҚШ, 2008), Britain's Got Talent (Лондон, 2014), Украина мае талант (Киев, 2013) конкурстарының қатысушысы.
Концерттен түскен барлық қаржы Ә. Қастеев атындағы ҚР МӨМ-нің қажетіне жұмсалады. Кешті жүргізушілер: Клара Исабаева, Ә. Қастеев атындағы ҚР МӨМ баспасөз қызметінің жетекшісі және пианист Олег Переверзев.
Анықтама телефондары: 394-57-18, 8-705-888-6562, 8-747-181-5126.