Кинофестивальге «Сезар» жүлдесінің иегері, франциялық актер Венсан Кассель, 71 Канн кинофестивалінде «Айка» фильміндегі басты рөлі үшін үздік актриса атағын алған Самал Еслямова, серб кинорежиссері жəне актері Эмир Кустурица, Б.Бертолуччидің «Соңғы император» фильмінің монтажы үшін «Оскар» жүлдесін иеленген, режиссер-монтажер Габриэлла Кристиани, танымал франциялық актриса және модель Леа Сейду жəне көптеген басқа да киногерлер қатысады. Сондай-ақ, отандық кино жұлдыздар, «А» санатындағы халықаралық кинофестивальдердің жетекшілері, киноиндустрия саласының эксперттері мен сыншылары, танымал зиялы қауым өкілдері, отандық жəне шетелдік БАҚ, блогерлер бой көрсетеді.
Кинофестиваль шеңберінде MegaSilkWay мен «Хан Шатыр» СОО-тарындағы «Chaplin» кинотеатрлар желісінде конкурстық жəне байқаудан тыс қатысып отырған фильмдердің тегін көрсетілімдері, отандық жəне əлемдік кино жұлдыздарының қатысуымен ашылу жəне жабылу салтанаты өтеді.
Кинофестивальдің негізгі конкурстық бағдарламасы келесідей:
2017-2018 жж. жарыққа шыққан толықметрлі көркем фильмдердің халықарылық байқауы (500-ден астам өтінім келген); қысқаметрлі кинолардың халықаралық байқауы (30-ға жуық фильм, 600-ден астам келіп түскен өтінімнен).
Конкурстан тыс бағдарлама бойынша: «Керуен» - Орталық Азиядағы түркі тілді кино және фильмдердің панорамасы, «Еуразия жүрегінде» - 2017-2018 жж. үздік қазақстандық фильмдер, халықаралық кинофестивальдердің лауреаттары атанған фильмдердің əлемдік панорамасы «Əлем назарында» бағдарламасы, «Объектив» – әлемдік деректі фильмдердің бағдарламасы, сонымен қатар «Ерекше оқиға» бағдарламасы, «ФИПРЕССИ және НЕТПАК» әлемдік жүлдегерлердің көрсетілімі, «Шығыс-Батыс» ХКФ фильмдерінің ретроспективті көрсетілімі.
«Еуразия» ХКФ-нің әділ қазылар алқасының құрамында әлемдік киноиндустрияның беделді өкілдері: түрік режиссері, сценарист, продюсер, Берлин кинофестивалінің Алтын аю жүлдесінің иегері Семих Капланоглу; Клермон Феррандағы қысқаметрлі фильмдердің ең белді кинофестивалінің негізін қалаушы Джордж Буллон; режиссер, сценарист, Канн ХКФ-нің әділ қазылар алқасы жүлдесінің, Берлин ХКФ-нің екі Күміс аю жүлдесінің, Таллин МКФ-нің Гран-при иегері Ван Сяошуай; қазақстандық кинорежиссер, сценарист, жазушы Ермек Тұрсынов; әйгілі серб және ресейлік актер, «Мұз», «Духless 2», «Эльеон қонақ үйі» фильмдерінің жұлдызы Милош Бикович.
«Еуразия» ХКФ аясында екінші жыл қатарынан кинопрокатшылар, дистрибуторлар, сейлз компаниялар, халықаралық кинофестивальдердің өкілдері мен отандық жəне шетелдік продакшн компанияларының қатысуымен Eurasia Film Market кинонарығы өтеді. Аталмыш бизнес алаң қатысушыларының назарына шетелдік студиялар дистрибуторлары NationalShowcase презентацияларын жасайды. Атап айтар болсақ: Орталық Азия, Грузия, Армения, Моңғолия, Ресей, Украина, Парсы бұғазы елдері, Қытай, АҚШ, Оңтүстік Корея жəне Үндістан сынды елдер қатысады. Еуразиялық жобалар нарығы сценарий стадиясында тұрған кино жобалар нарығын, дөңгелек үстелдер, баспасөз-конференцияларын, шеберлік сабақтарын жəне арнайы іс-шараларды ұсынады.
XIV Халықаралық «Еуразия» кинофестивалі ҚР Мəдениет жəне спорт министрлігінің тапсырысы бойынша «Еуразия-Астана халықаралық кинофестивалі Дирекциясы» қоғамдық бірлестігімен ұйымдастырылып отыр.
Кинофестивальдің бас ақпараттық серіктесі – «Хабар" агенттігі.
«Еуразия" кинофестивалі продюсерлер қауымдастығы халықаралық федерациясының аккредитациясынан өткен, Орталық Азиядағы ең ірі кинофестиваль. 2012 жылы «Internationalfilmguide» (Ұлыбритания) басылымы əлемдегі айтулы 35 кинофестиваль қатарына енгізген.
Алғаш «Еуразия» кинофестивалі 1998 жылы Алматы қаласында құрылды. 20 жылдық тарихында бұл фестиваль Орталық Азиядағы айтулы мәдени оқиғаға айналды.
«Еуразия» халықаралық кинофестивалінің құрылтайшысы Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт министрлігі.
«Еуразия» кинофестивалі өнер адамдарын біріктіретін айтулы оқиға ғана емес, Қазақстанның экономикалық, саяси, əлеуметтік дамуына өзіндік үлес қосатын жəне тіл ерекшелігіне қарамастан түрлі мəдениеттер ортасында диалог орнатып, өзге мемлекеттер мен рухани байналыс нығайтатын кинофорум. «Еуразия" ХКФ – ұлттық жəне жалпыадамзаттық құндылықтардың нығаюына жұмыс істейтін мəдени шара.
Фестивальді өткізудегі басты мақсат – Қазақстан киносын өнер жəне индустрия ретінде дамыту, көпшілік қауымның кинематографиялық өнерге деген қызығушылығын арттыру, халықаралық ынтымақтастықты нығайту.