Мақала / #студентСөзі
"Шәкен жұлдыздарында" ұсынылған қазақ режиссерлерінің фильмдері
Қараша айының 17-21 жұлдызы аралығында болған фестиваль көрсетілімінде қазақ киногерлерінің де туындылары талғампаз көрермен көзайымына айналып үлгерді
Бөлім: Кино
Датасы: 23.11.2018
Авторы: Ақмарал Айтбаева
Мақала
"Шәкен жұлдыздарында" ұсынылған қазақ режиссерлерінің фильмдері
Қараша айының 17-21 жұлдызы аралығында болған фестиваль көрсетілімінде қазақ киногерлерінің де туындылары талғампаз көрермен көзайымына айналып үлгерді
Бөлім: Кино
Датасы: 23.11.2018
Авторы: Ақмарал Айтбаева
"Шәкен жұлдыздарында" ұсынылған қазақ режиссерлерінің фильмдері

2003 жылы Алматы қаласында «Шәкен жұлдыздары» продюсерлік орталығының ұйымдастыруымен бастау алған «Шәкен жұлдыздары» кинофестивалі бүгінде ұлттық деңгейге көтерілді. Фестивальге Қазақстанға жақын елдерден бөлек АҚШ, Германия, Иран, Израиль, Түркия, Чехия сынды т.б. мемлекеттердің кино туындылары қатысуда. Жобаның түпкі мақсаты да осы негізде болатын. Қазақ киноиндустриясы мен халықтың талғамын көтеру, оны өнер мен тәрбие көзіне айналдыру. Сондай-ақ шетел режиссерлерімен, киногерлерімен тәжірибе алмасу.

Биылғы жыл фестиваль атауы өзгертілді. Шәкен Айманов Халықаралық кинофестивалінің бүгінгі мақсаты түркі әлемі кинематографистерінің басын біріктіруге бағытталды.

Қараша айының 17-21 жұлдызы аралығында болған фестифаль көрсетілімінде қазақ киногерлерінің де туындылары талғампаз көрермен көзайымына айналып үлгерді. Олардың арасынан жас режиссерлер Эмир Байғазин, Әділхан Ержанов және Нұргелді Садығұловтардың авторлық туындыларына әрімен қарай қысқаша анализ жасап өтейік.

Көрсетілімге Эмир Байғазин бұл жолы «Өзен» атты толықметрлі жұмысын ұсынды. Фильм бұған дейін таспаланған «Асланның сабақтары», «Төрт оқиға» трилогиясының жалғасы.

Режиссер әрі сценарий авторы Эмир бір отбасындағы бес ағайынды қарым-қатнастарының ішкі «хухнясын» ашуды, көрсетуді місе тұтқан. Сонымен қоса фильм бала мен әке қатнасы, отбасылық өзара ішкі тартысты барынша ашық көрсетеді. Өркениеттен жырақта өмір сүріп жатқан отбасы құндылықтары бөлек. Бес ағайынды қатаң тәрбие, мұқалмас тәртіп пен қаталдықта өскен. Ойыны мен демалысы бәрі шектеулі. Бүгін бойымыз үйренген ақсаусақ балалардай емес, әрқайсы өзіне сай жұмысқа жегілген, жауапкершілігі бар. Ал олардың үлкені Аслан отбасында әкеден кейінгі ауыртпалық мойнына мініп, өз жасынан гөрі есейген бала. Олардың осындай қалыпты тұрмысын қаладан келген Қанат күрт өзгертеді. Гидроскутері мен планшеті бар баланы режиссер біздің қоғамға келген Еуропа екпінінің символы ретінде көрсеткен. Ал, Қанаттың планшеті мен гидроскутерінен келген көзге көрінбейтін қастандық бауырлар арасына іріткі салып, ішкі ұйымшылдығын бұзды. Ақыры олардың әкесінен, бір-бірінен жасырған сырлары әшкере болып отбасы формасы бұзылды. Оларға деген жауапкершілікті мойынына алған Аслан Қанатты өзі ластаған өзенге батырып, бала психологиясының алапат үлгісін көрсетті. Бұл шешімнің балаларға, әсіресе олардың кенже інісіне әсерін режиссер балалардың ақылынан адасып тіпті тышқан өлтіруге арналған дәріні ішуімен ғана емес бірдей киімдеріндегі тесіктердің бірте-бірте көбейе беруімен бейнеледі.

Фильмде қазақ менталитетіне сіңген «қамшы» тәрбиесінің неге алып баруының шыңын көрсеткен. Баланың ата-анаға ашыла алмауы, сырласпауы, қаталдық көріп, таяқ жеуі олардың ересектердің өзінің есіне кіріп-шықпас адам өлтіру, қастандық жасауға бараалатынын дәлелдеді. Тіпті егіздердің әкесінің тамағына у қосқаны да айтылды.

Көркем туындының идеясы менімше өте терең, жан-жақты. Қанаттың қанша ласттыққа барып, оны балалрға да үйрете тұрып өлмей, тірі қайта оралуы біздің қоғамға Еуропа тәрбиесінің пайдасын айтпағанда зиянының да ықпалы күшеймесе, азаймастыған көрсеткендей. Ал Қанатты өлді деп, оны әкесінен жасырып, есінен адасып, өздеріне қол жұмсауға дейін барған бауырлар біздің әлеуеттің әлсіз қоғамындай әсер қалдырады.

Әділхан Ержанов өзінің «Түн құдайы» фильмі тақырыбынан бастап-ақ символикалық дүниелермен жасалған абсурд екенін байқатып тұрғандай. Бұл жерде де қоғам, тек қазақ қоғамы емес планетадағы болып жатқан былықпайлықты өз арамыздағы адамдармен-ақ ашып береді. Арқасында крестик жасырынып тұрған намазхан адам, қылмыскер полицей, құбыр тазалап жүрген инжинер, естелікпен өмір сүріп жүрген маскүнем, қылмысын қызының пәктігін беріп жапқан аяулы әке сынды әр типтегі кейіпкерлер осы типтес қоғам өкілдерінің символдық жиынтығы секілді. Және олардың арасында қойлардың да жүруі айтпаса да мәлім үлкен мәнге ие. Тек қараңғыда түсірілген кадрларда тоқтап қалған сағат уақытты аңғартса, әркімнің алдында әрқалай жанған майшамдар әр қайсының жанында бір жанған әлсіз жарыққа ұмтылуын бейнелейді.

Сюжеттік құрылымы қалыпты бес бөлікке бағынбайды. Бір сыдырғы диограмма. Айтарлықтай шиеленістер де, шешімдер де жоқ. Керісінше бұл - идеяның ашыла түсуіне әдемі ықпал, Әділхан Ержановтың қолтаңбасынан хабар.

«Балуан Шолақ» биылғы жыл кино прокатында белең алар фильм деп айтуға әбден жорамал жасаса болады. Бұл режиссер Нұргелді Садығұловтың тырнақ алды толықметірлі кинотуындысы. Жалпы фильмнің атмосферасы қарапайым көрерменге де, киногер мамандарға да ұнады.

XX ғасырда өмір сүрген батыр, балуан, ат спортының сан түрін меңгерген сері Нұрмағанбет Баймырзаұлының өмірін сол кезеңде болған саяси оқиғалармен ұштастыра таспалаған фильмнің көркемдік деңгейі өте жоғары.

Тарихи туындыда Балуан Шолақтың образы өте сенімді. М.Әуезов атындағы драма театрында бұған дейін де Балуан Шолақ бейнесін сомдап келе жатқан актер Еркебұлан Дайыровқа кейіпкері әбден сіген. Балуан десе аңғал дәуді елестетер халықтық стереотипті сырлы да білімді, сазгер сері және жаны терең тұлға образымен бұзып, бұған дейінгі Нұрмағанбеттерден бөлек көркем бейне жасаған. Ал Балқаштың рөлін сомдаған Альбина Шардарованың ойыны өте сенімсіз. Атқа қонып елінен қашуға бара алған бойжеткен мінезін ақтай алмаған. Одан да бұрын бар өнерін асықтық пен махаббатқа арнаған Балуанның ғашығы Ғалия бейнесінің ашылмауы, картинада толыққанды әйел образының жоқтығы әбден байқалады.

«Номадтық» қазақ каскадерлерінің жұмысы шегінде қолданылған. Ашық тартыстар, балуандар күресі көрерменге әсер қалдырмай қоймады.

Жазушы, драматург Дулат Исабековтың сценариі диалогтары әбден нанымды. Көп тарихи фильмдерді тұсаулаған пафостан гөрі сенімді әрі өте қызықты репликаға құрылған. Әр образдың мінезіне сайланған сөздері бейнелерді кемелінде ашудың кіліті бола түскен. Бұл орыстардың қолшоқпары болып жүрген Сафуан Шаймерденов кейіпкері мен Балуанның досы Ақылбай ойынында әдемі шықты.

Жалпы фильмнің идеясы батырлықты, кемеліне жетпеген махаббатты, өнер мен өмірді және бір тарихи кезеңді ашуға ыңғайланған.