Мақала
«Қөзімнің қарасы» клубында қысқаметрлі фильмдер көрсетілімі өтті
Т.Жүргенов атындағы өнер академиясында «Көзімнің қарасы» мәдени-танымдық клубының ұйымдастыруымен студенттік қысқаметрлі фильмдердің көрсетілімі болды.
Бөлім: Көзімнің қарасы
Датасы: 03.02.2017
Авторы: Еркінай Смаилова
Мақала
«Қөзімнің қарасы» клубында қысқаметрлі фильмдер көрсетілімі өтті
Т.Жүргенов атындағы өнер академиясында «Көзімнің қарасы» мәдени-танымдық клубының ұйымдастыруымен студенттік қысқаметрлі фильмдердің көрсетілімі болды.
Бөлім: Көзімнің қарасы
Датасы: 03.02.2017
Авторы: Еркінай Смаилова
«Қөзімнің қарасы» клубында қысқаметрлі фильмдер көрсетілімі өтті
Мұрат Сайфулланың «Дзем жан» фильмінен

Еркінай СМАИЛОВА

ҚазҰӨА, кинотану, IV курс

Т.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА қабырғасында «Режиссура» мамандығы бойынша білім алып жатқан студенттердің үш жұмысы назарға ұсынылды. Алғашқы болып көрсетілген Бейімбет Сағадиевтің «20/30» фильмі адамға берілген уақыт мүмкіндігін дұрыс пайдалана алу, уақыт пен күшті дұрыс бағыттау жайлы ой қозғайды. Жиырма жас пен отыз жасты паралельді түрде немесе алма-кезек емес, бір оқиғаға кіргізіп, басты кейіпкерді өз-өзімен беттестіру арқылы, айтпақ ойын қызықты тәсілмен жеткізе алған. Студенттік шақта берілген мүмкіндікті зая жібермей, уақытыңды мақсатыңа жету жолына жұмсар болсаң жиырма жасың отызыңда жетістікке жетуіңе қызмет етеді. Фильмнен көрген нәрсеміз осы болды.

Бейімбет Сағадиев
Жастық шақтың мүмкіндіктерін құр жібермеу туралы ойды Рақымжан Қалдыкөздің «Сумка» фильмі жалғастырғандай болды. Бұзақы ортаның ғайбат тілді жастары күн көріс қамына жеңіл, қылмысты жолды таңдаған. Ұрлық, төбелес олар үшін өмір сүру. Жастардың осындай бұрыс жолдағы іс-әрекеттерін көрсете отырып, қоғамдық әлеуметтік мәселенің бір ұшын қозғап кеткендей. Жұмыссыздық, нарық қысқан қоғамның шарасыз хәлі қара базар мен несиеге иек артқан халықтың тұрмысын сезіндірді.

Рақымжан Қалдыкөз
Ал, «проблемасы бар адамның өзі бақытты» деген ойды айтпаққа бекінген Мұрат Сайфулланың «Дзем жан» фильмі көрерменді жеңіл сюжеті мен жағымды атмосферасымен баурай алды. Басты кейіпкер Мұхтардың махаббаты баяндалатын фильмде позитивке толы өмірдің куәсі бола аласыз. Әрі өмірдің әрбір сәтін, мейлі ол қиындық әкелсе де бағалауға шақыратындай. «Дзем жан» деген атаудың мағынасын түсіндірген фильм режиссерінің айтуынша, миға келген ой мен сезінген сезімдеріңнің қандай да бір атауы болу керек. Адам баласы өзі түсіне бермейтін сезінулерге осылайша түсініксіз ат қойып, ішкі әлемін жеткізудің бір тәсіліне айналдыруға болатындай. Фильм атауын осы жолмен ойлап тапқан Мұрат Сайфолла қарапайым фильм атын қоюдың өзінде ешкімге ұқсағысы келмейтінін айтты.


Студенттік фильмдерін студент жастардың назарына ұсынып, замандастарымен пікір алмасқан болашақ режиссерлар ізденіс үстінде екендіктерін көрсетті. Болашақ мамандар: кинотанушылар, сценаристер, режиссерлар мен актерлардың басын қосқан бұл кездесудің өзара пікір алмасу, шығармашылық байланыс орнату, жастардың ортасында жаңа шығармашылық ортаның қалыптасуына септігін тигізетіні сөзсіз. Осындай кездесулер мен бас қосулар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.

 

Сізге қызық болуы мүмкін: