Мақала
«Көзімнің қарасында» «Пикапты іздеумен» қысқаметрлі фильмінің көрсетілімі болды
"Көзімнің қарасы" мәдени-танымдық клубы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасы Қорының қолдауымен жас режиссер Мәди Балжановтың "Пикапты іздеумен" қысқаметрлі фильмінің көрсетілімін жасады
Бөлім: Көзімнің қарасы
Датасы: 12.10.2017
Авторы: Шыңғыс Маман
Мақала
«Көзімнің қарасында» «Пикапты іздеумен» қысқаметрлі фильмінің көрсетілімі болды
"Көзімнің қарасы" мәдени-танымдық клубы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасы Қорының қолдауымен жас режиссер Мәди Балжановтың "Пикапты іздеумен" қысқаметрлі фильмінің көрсетілімін жасады
Бөлім: Көзімнің қарасы
Датасы: 12.10.2017
Авторы: Шыңғыс Маман
«Көзімнің қарасында» «Пикапты іздеумен» қысқаметрлі фильмінің көрсетілімі болды

«Көзімнің қарасы» клубының ұйымдастыруымен режиссер Мәди Балжановтың «Пикапты іздеумен» қысқаметрлі фильмінің көрсетілімі болды. Көрсетілімге фильмнің режиссері, сценаристі, монтажын жасаған және операторы Мәди Балжанов пен басты рөлді сомдаған Данияр Кибаев келді.

Фильмде автомеханик болып жұмыс істейтін Рақым, нашақор бастығымен бірге қосалқы бөлшегін пайдалану үшін ескі пикап автокөлігін іздейді. Бірақ, екеуі де көліктің қандай болатынын білмейді. Пикапты іздей жүріп Рақымның үш дөңгелекті белесебет туралы орындалмаған балалық арманы оянады, осының әсерінен жүйке жүйесінде олқылық пайда болып, қозғалыс үшін дөңгелекті ешқашан пайдаланбауды шешіп тек қана жүгіре бастайды. Адал ниетті бастығы қытайлық құрастырушылар жасаған үш дөңгелекті белесебет жібереді. Енді Рақымды ауыр таңдаулар күтіп тұр: балалық арманын қабылдау, әрі қарай өзін іздеу жолында жүгіре беру. Немесе пикаптың жолында... Рақым фильмде өз таңдауын жасайды. Көрсетілімнен соң фильмнің жасуашы құрам мен студенттер еркін пікір-алмасу жасады.

Жалпы, Мәди Балжанов пен Данияр Кибаевты кинотанушы немесе өнер академиясының басқа да мамандықтарында оқитын студенттер танымайтынын жасырмады. Екеуі де кино өнеріне басқа саладан келген жандар.

Мәди Балжанов архитектура мамандығында оқып жүріп өз әлемі емес екенін сезген. «Архитектура қозғалмайтын өнер түрі, мен үшін ол жеткіліксіз болды. Менің әлемім музыкада немесе кинода екенін білдім де оқуды тастап киноны таңдадым. Жетпіс мыңға фотоаппарат сатып алып үйге келіп екі сағаттың ішінде алғашқы қысқаметрлі фильмімді түсірдім. Бәрібір менде білім жоқ екенін сездім. Сосын ғаламтор желісінде режиссер Эмир Байғазинге хат жаздым. Хатты жазбас бұрын Эмирдің әлемге деген көзқарасын түсіну үшін оның бүкіл сұқбаттарын оқып шықтым. Жарты бет хатты бір күн бойы жаздым. Эмирге өзіме ұстаз керек екенін айттым. Эмир ұсынысымды қабылдап, өзінің түсіріліміне тегін жұмысқа қабылдады. Мен көп нәрсені түсіндім. Эмирге менің алғашқы түсірген фильмім ұнады» - деді Мәди ағынан жарыла. Кино әлеміне аяқ басқалы екі жылдың ішінде жеті қысқа метрлі фильм түсіріпті. Қәзіргі сәтте тағы бір фильмінің түсіріліміне дайындалып жүргенін айта кетті. Кино жасау үшін ешқандай эксперименттен қорықпауға шақырды. Өнердің шыңы тәуекелде екенін түсіндіре кетті.

Данияр Кибаев актер ретінде өзін әлі мойындамайтынын айтты. Нархоз университетін экономист мамандығы бойынша бітіріп шыққан Данияр бұл фильмге кездейсоқ шақырылған. Бірнеше сериалдарда эпизодтық рөлдерде ойнаған және жарнамалық роликтерде көрінгенімен алғашқы басты рөлі екен.

Фильмнің мазмұнындағы айтылғандар көріністе мүлде бөлек көрсетіледі. Пикап-сұлу қыз, Рақым өзіне сұлу қыз іздеп жүреді. Өзінің бойындағы қызға сөйлей алмайтын қасиетін жоюға ұмтылады, жоя алмайды. Өзімен-өзі өмір сүруі үшін жүгіре береді, ол үшін пикаптың маңызы жоғалады. Фильмнің негізгі идеясын режиссер осылай түсіндірді. Бұл тақырып өзінің басынан өткен бір кезеңі туралы дейді. Фильмде бір оқиға екі рет қайталанады, екінші қайталануы күлкілі аудармамен жасалған. Аударманы жазған және дыбыстаған Айтуар Қанайбек.

Мәди болашақтағы жоспарларымен де бөлісті. «Дебют» шығармашылық бірлестігінің қаржыландыруымен фильм түсірсе, толықметражды фильмге аяқ баса беруіне болатынына сенімді екенін айтты. Стенли Кубриктің шығармашылығын жақсы көретінін, оның фильмдеріндегі кадрлар адамды магнитше тартады дейді. Өнердің қайнаған ортасында жүрген «Көзімнің қарасы» клубы мен академия студенттері арнайы білімі болмаса да кино өнерінде өзінше ізденіс жасап жүрген жас режиссер Мәди Балжанов пен актер Данияр Кибаевқа сәттілік тілеп, шығармашылық байланыстарын үзбейтіндеріне уәде берісіп, топтық суретке түсіп тарады.

    

Сізге қызық болуы мүмкін:
Фариза Танаевамен сұхбат
Кино Фариза Танаевамен сұхбат
24.10.2017
#студентСөзі
Кино – бұл өмірдің көзі
Кино Кино – бұл өмірдің көзі
02.11.2017
#студентСөзі