Мақала / #студентСөзі
Заманауи кино жарнамасы және оның көрерменге әсері
Дайын туындыны көрсетпес бұрын, оған қызықтыру, назар аударту қажет екеніне мән беру керек. Қазіргі таңда оның ең оңай әрі тиімді жолы – жарнама
Бөлім: Кино
Датасы: 20.11.2017
Авторы: Балнұр Дәуренбекова
Мақала
Заманауи кино жарнамасы және оның көрерменге әсері
Дайын туындыны көрсетпес бұрын, оған қызықтыру, назар аударту қажет екеніне мән беру керек. Қазіргі таңда оның ең оңай әрі тиімді жолы – жарнама
Бөлім: Кино
Датасы: 20.11.2017
Авторы: Балнұр Дәуренбекова
Заманауи кино жарнамасы және оның көрерменге әсері

Қазіргі таңда Қазақстанда кино өнеріне деген қызығушылықтың артып келе жатқанын байқаймыз. Оған, баяу қарқынмен болса да кинотеатрларға барып жүрген халық саны көрсеткішінің артуы және отандық кинофильмдердің сұранысқа ие болып жүргені дәлел бола алады. Бұл – заманауи өнерлердің ішіндегі ең ауқымдысы және тиімдісі кинематограф арқылы қоғамның рухани және мәдени өсуін дамытуға болады деген ой қалыптастырады. Бірақ, соңғы жылдардағы кинематографқа деген қызығушылықтың арту факті, оның өнер ретінде өз әлеуметтік функциясын орындауға мүмкіндігі бар деген тұжырым жасауға келмейді. Бұл кезекте фильмдердің көрерменге тигізер әсері үлкен рөл атқарады. Оның заман талабына, қоғамның қажеттілігіне сай мәселелерді талқылап, сол фильмдегі айтар ойды көрерменге жеткізу және көпшіліктің оны қабылдауының да алар орны ерекше. Осы жерден, дайын туындыны көрсетпес бұрын, оған қызықтыру, назар аударту керек екеніне мән беру керек. Қазіргі таңда оның ең оңай әрі тиімді жолы – жарнама.

Бүгінгі әлеуметтік, экономикалық тыныс-тіршілігімізді жарнамасыз көзге елестету қиын. Жарнама күнделікті өміріміздің құрамдас бөлігіне, өзіндік заңдылықтары бар қоғамдық құбылысқа айналды. Тұтынушы мен өндіруші арасындағы маңызды дәнекер буын бола отырып, жарнама экономиканың дамуын ынталандыратын, өндірістік үдерістер мен өнім сапасын жетілдіретін маңызды тұтқа ретінде көрінуде.

Кино жарнамасына келер болсақ, оның да қоғамда алар орны бөлек. Оны жасаудың өзі қазіргі таңда өз алдына жеке өнер тармағы саналады десек артық болмас. Кино жарнамасы – автобус аялдамасына қисық жапсырылған плакат емес, ол өз ісінің шебер мамандарын, еңбек пен қыруар ақшаны талап ететін нағыз өнер туындысы. Кино бір жағынан көңіл көтерсе, екінші жағынан бизнес ретінде пайда таба отырып, таза өнер туындысы ретінде де дамып жатқан жанды организмге айналды. Сол себептен де жарнама жалпы киноның деңгейіне де әсер ететін дүние. Кино жарнамасын қазіргі тілмен «трейлер және тизер» деп атаймыз. Трейлер мен тизер кино саудасын «жүргізетін» тетік қана емес, сондай-ақ тұтыну мәдениетін жаңа биіктерге көтеретін «өркениет үдеткіші» де болып отыр. Яғни, «кино жарнамасы-сауданың қозғалтқышы» ғана емес, жалпы киноиндустрияның даму дәрежесінің де бірегей көрсеткіші саналады.

Тағы бір өзекті мәселелердің бірі ол кино мен кино жарнамасының деңгейіндегі айырмашылық. Яғни, кейде кино жарнамасы онша өтімді болмағанымен, туындының өзін көргенде таң қалатындай жағдайлар болады. Бұл жағдай салыстырмалы түрде жақсы шығар, себебі, кейбір фильмдерде жарнамасын «-Несін айтасың? Керемет!» етіп жасап, халықты «-Осы фильм қашан шығар екен?» деп асыға күткізген туындылар – жүздеген, мыңдаған аудиториялар жинап, жасырып қайтеміз, кеткен қаражатты ақтағанымен, қаншама жағымсыз пікірлердің астында қалып жатады. Алыстан арбалап қайтеміз, әлі шаңы басылмаған, осы жылдың он екінші қазанында алғашқы көрсетілімі болып өткен Рашид Сүлейменовтің драма, экшн жанрындағы «Арман/Когда ангелы спят» фильмі – әсіресе жастар арасында біраз шу шығарған туындылардың бірі болды. Жарнамасы өте керемет болғаны сөзсіз. Заманның ең қолданысқа ие талабын орындап жүрген ол әрине әлеуметтік жүйе. Кез келген жас буынның жадынан табылатын смартфондары арқылы түрлі желілерге кіре алады. Соның бірі «инстаграм». Инстаграм арқылы жарнама жасау – лэд экрандарда, баннерларда, тіпті теледидарда көрсетілген жарнамалардан да асып түседі. Тағы бір жарнаманың сәтті болуына ықпал болатын жайт ол танымал адамдардың жасаған жарнамасы. Жұлдыздар, не жәй ғана көпшіліктің назарында жүрген түлғалар мақтаған дүниені көруге халық асығады. Кейде көрермен тек фильмдегі бір актер не актрисаға бола барады. Ол да жарнаманы дұрыс ұсыну жолдарының бірі болып саналады. Кино туындыда халықтың сүйікті әртісі не қалаулы актері кішкене ғана рөлді сомдаса да, оны көруге асығатын өз қауымы болады. Фильмге қайта келсек, фильм премьерасына барған көрермендердің біразының жалпы туындыға разы болмағаны қызық болды, осы жайтта менің қарапайым халық арасында жүргізген кішігірім сұрақ-жауабымның қорытындысы бойынша, фильм 20 адамның 11-іне, яғни 53%-ының көңілінен шықпаған, тіпті «-Уақытым мен ақшамды құр кетірдім!» деген де пікірлерді есіттім. Бұл әрине жақсы көрсеткіш емес! Бірақ не десек те, біткен іске сыншы көп! Барлығының көңілінен шықпаса да, туынды өз аудиториясын таба білді. Менің бұл жерде айтайын деген ойым, кино жарнамасының деңгейі сол фильмнің жалпы деңгейімен санасу керектігі. Көрермен жинауымыз міндетті екен деп – сол көрерменнің жылуын, сүйіспеншілігі мен қызығушылығын жоғалтып алмау.

Жалпы кино жарнамасы қалай жүргізіледі? Ол тек қана трейлер жасап қана қою емес, оның өз жүйесі бар. Орынды таңдалған жер мен уақыттың да атқарар рөлі аз емес! Яғни, халық көп жүретің, бірден байқайтын орындарға ілінген билбордтар, сауда орталықтарына қойылған көлемі үлкен 3Д баннэрлар, метролардағы шағын лэд экрандардағы қысқаметражды тизерлер, және т.б жарнама түрлері күнделікті өмірімізде белгілі орынды алмайтын дүниелер секілді. Бірақ сол күнде көріп жүрген жарнамалар адам көзіне жатталып қалады. Олардың мақсаты да дәл осы!

Фильм трейлері өз құрамында туындының ең қызықтыратын сәттерін қамтып, фильм жанрын айшықтап, көрермендің барынша назарын аударуға тырысады. Осының арқасында тамашалаушы тарапына «таңдау еркіндігіне» мүкіндік туғызады. Яғни, жарнама -адам баласының көңіл-күйіне, санасына зор ықпал ете алатын өнер түрі.

Қорытындылай келе, кино жарнамасы бір жағынан фильмнің әлеуметтік деңгейін,басқа – мыңдаған туындылардың арасындағы статусын көрсетіп, осылайша көрерменге де фильм таңдауына аз уақыт жұмсауына көмектессе, екінші бір жағынан, Қазақ кинематографиясының дамуына өзіндік жаңашылдығымен үлесін қосуда!

Сізге қызық болуы мүмкін: